https://sputnik.kz/20250516/3-mln-tengesin-audaryp-zhibergen-sqo-da-zeynetker-alayaqqa-aldanyp-qaldy-53614636.html
3 млн теңгесін аударып жіберген: СҚО-да зейнеткер алаяққа алданып қалды
3 млн теңгесін аударып жіберген: СҚО-да зейнеткер алаяққа алданып қалды
Sputnik Қазақстан
Қалған 2 миллион теңгені қамқорлық танытқан қала тұрғыны мен полицейлердің арқасында сақтап қалуға мүмкін болды 16.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-16T19:39+0500
2025-05-16T19:39+0500
2025-05-16T19:39+0500
солтүстік қазақстан облысы
алаяқ
https://sputnik.kz/img/555/26/5552651_0:11:3077:1741_1920x0_80_0_0_cdfa7bf193638f51f1f84fe6d9f34b82.jpg
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. СҚО-да зейнеткер алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.Зейнеткердің банкоматқа ақша енгізіп, белгісіз біреудің телефон арқылы нұсқауы бойынша әр түрлі шотқа аударып жатқанын кезекте тұрған тұрғын байқап қалады. Алайда әйел адам тұрғынның ескертуіне қарамастан ақша аударымдарын жалғастырады. Қала тұрғыны полицияға қоңырау шалған. Шұғыл жеткен қызметкерлер жәбірленушіні полиция бөлімшесіне жеткізіп, оған алдаудың құрығына іліккенін айтады.Жәбірленуші алаяқтардың нұсқауы бойынша 3 миллион теңгені жіберіп үлгерген. Қалған 2 миллион теңгені қамқорлық танытқан қала тұрғыны мен жедел әрекет еткен полицейлердің арқасында сақтап қалуға мүмкін болды. Тәртіп сақшылары тұрғындарға сақтық танытып, алаяқтарға алданбауға шақырады.
https://sputnik.kz/20250516/shymkentte-oqushyny-2-mln-tengege-aldagan-alayaq-ustaldy-53596329.html
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/555/26/5552651_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_7992677da0478d35053e35e222c7961d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы, алаяқ
солтүстік қазақстан облысы, алаяқ
3 млн теңгесін аударып жіберген: СҚО-да зейнеткер алаяққа алданып қалды
Қалған 2 миллион теңгені қамқорлық танытқан қала тұрғыны мен полицейлердің арқасында сақтап қалуға мүмкін болды
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. СҚО-да зейнеткер алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Зейнеткердің банкоматқа ақша енгізіп, белгісіз біреудің телефон арқылы нұсқауы бойынша әр түрлі шотқа аударып жатқанын кезекте тұрған тұрғын байқап қалады. Алайда әйел адам тұрғынның ескертуіне қарамастан ақша аударымдарын жалғастырады.
Қала тұрғыны полицияға қоңырау шалған. Шұғыл жеткен қызметкерлер жәбірленушіні полиция бөлімшесіне жеткізіп, оған алдаудың құрығына іліккенін айтады.
"73 жастағы зейнеткердің айтуынша белгісіз біреу оған қоңырау шалып, электр энергиясына шотты тексеруге “Е-salyq” қосымшасына кіру үшін sms келген құпия сөзді айту қажеттігін айтқан. Кейін тағы бір қоңырау шалған адам “қаржылық бақылау маманы” екенін айтып, жәбірленушіге оның атына біреу несие ресімдеп жатқанын және одан “сақтану үшін” несиеге алынған ақша мен қаражатты “қауіпсіз шотқа” аударған жөн деп нұсқау берген", - дейді өңірлік полиция.
Жәбірленуші алаяқтардың нұсқауы бойынша 3 миллион теңгені жіберіп үлгерген. Қалған 2 миллион теңгені қамқорлық танытқан қала тұрғыны мен жедел әрекет еткен полицейлердің арқасында сақтап қалуға мүмкін болды.
Тәртіп сақшылары тұрғындарға сақтық танытып, алаяқтарға алданбауға шақырады.