https://sputnik.kz/20250723/darigerlerdin-qosymsha-aqysy-osti-55875071.html
Дәрігерлердің қосымша ақысы өсті
Дәрігерлердің қосымша ақысы өсті
Sputnik Қазақстан
Бұрын тіркелген бір адамға 100 теңге төленсе, биылдан бастап екі есе көбейтілді 23.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-23T17:02+0500
2025-07-23T17:02+0500
2025-07-23T17:02+0500
дәрігер
жалақы
үстемеақы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d98eba81ee5241afee9e4512d3d1ddfc.jpg
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Қазақстанда алғашқы медициналық көмек көрсететін дәрігерлердің қосымша ақысы екі-үш есеге өсті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігіне қарасты республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының директоры Айгүл Қасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Биылдан бастап медицина қызметкерлеріне алғашқы көмек үшін төленетін ақы өзгерді.Оның айтуынша, бұған дейін ынталандыру аясында жалақыға қосымша 30-40 мың теңге алуға мүмкіндік болған."Қазір осы сомадан екі есе, тіпті, үш есе артық алуға болады. Ол үшін тек тіркелген халықтың арасында профилактикалық жұмысты күшейтуі керек", - деп атап өтті орталық басшысы.
https://sputnik.kz/20250613/su-salasy-qyzmetkerlerinin-zhalaqysy-50-ga-deyin-osedi-54610759.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_491:0:2742:1688_1920x0_80_0_0_f498ff6b890b4f65f94aba87e9ab5e95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрігер, жалақы, үстемеақы
дәрігер, жалақы, үстемеақы
Дәрігерлердің қосымша ақысы өсті
Бұрын тіркелген бір адамға 100 теңге төленсе, биылдан бастап екі есе көбейтілді
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Қазақстанда алғашқы медициналық көмек көрсететін дәрігерлердің қосымша ақысы екі-үш есеге өсті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігіне қарасты республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының директоры Айгүл Қасымова мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биылдан бастап медицина қызметкерлеріне алғашқы көмек үшін төленетін ақы өзгерді.
"Бұрын тіркелген бір адамға 100 теңге төленсе, биылдан бастап екі есе көбейтілді. Осылайша, индикаторлардың барлығы қайта қаралды. 278-ші бұйрық бар. Соған сәйкес, учаскелік мейірбикелер мен дәрігерлер өз индикаторларын орындаса, жалақыға қосымша ақы төленеді", - деді Қасымова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, бұған дейін ынталандыру аясында жалақыға қосымша 30-40 мың теңге алуға мүмкіндік болған.
"Қазір осы сомадан екі есе, тіпті, үш есе артық алуға болады. Ол үшін тек тіркелген халықтың арасында профилактикалық жұмысты күшейтуі керек", - деп атап өтті орталық басшысы.