https://sputnik.kz/20250613/su-salasy-qyzmetkerlerinin-zhalaqysy-50-ga-deyin-osedi-54610759.html
Су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін өседі
Су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін өседі
Sputnik Қазақстан
"Табиғи монополиялар туралы" заңға енгізілген өзгерістер биыл 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді 13.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-13T08:06+0500
2025-06-13T08:06+0500
2025-06-13T10:01+0500
жалақы
министрлік
https://sputnik.kz/img/1249/27/12492743_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_f93a9819860302fe1765433cb4be7dc7.jpg
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Су шаруашылығы саласындағы 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өседі, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.Мемлекет басшысы су саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бағытталған "Табиғи монополиялар туралы" заңға өзгерістер енгізуді көздейтін заңға қол қойды. Түзетулерді министрлік әзірледі.Өзгерістер сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысын арттыруға мүмкіндік береді. Өңірге және статистикалық деректерге қарай жалақы орта есеппен 35–50%-ға өсіп, жылу және электр энергетикасы салаларындағы мамандардың деңгейіне дейін жетеді. Бұл су саласындағы кадр тұрақсыздығын азайтып, жоғары білікті мамандарды тартуға жол ашады."Табиғи монополиялар туралы" заңға енгізілген өзгерістер биыл 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.Еске салайық, былтыр "Қазсушар" РМК қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен 25%-ға өскен.
https://sputnik.kz/20250526/53941282.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1249/27/12492743_250:0:1750:1125_1920x0_80_0_0_7e3114a6a58d66dce4be2addd8b13f8c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалақы, министрлік
Су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін өседі
08:06 13.06.2025 (жаңартылды: 10:01 13.06.2025) "Табиғи монополиялар туралы" заңға енгізілген өзгерістер биыл 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Су шаруашылығы саласындағы 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өседі, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
Мемлекет басшысы су саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бағытталған "Табиғи монополиялар туралы" заңға өзгерістер енгізуді көздейтін заңға қол қойды. Түзетулерді министрлік әзірледі.
Өзгерістер сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысын арттыруға мүмкіндік береді. Өңірге және статистикалық деректерге қарай жалақы орта есеппен 35–50%-ға өсіп, жылу және электр энергетикасы салаларындағы мамандардың деңгейіне дейін жетеді. Бұл су саласындағы кадр тұрақсыздығын азайтып, жоғары білікті мамандарды тартуға жол ашады.
"Табиғи монополиялар туралы" заңға енгізілген өзгерістер биыл 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
"Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жылу және электр энергетикасы саласында орташа жалақы – 330 мың теңге. Ал су шаруашылығы саласында – 231 мың теңге. Айтарлықтай айырмашылық бар. Қабылданған түзетулер еліміздің дамуы үшін аса маңызды су саласының кадрлық әлеуетін арттыруға бағытталған", – деді ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов.
Еске салайық, былтыр "Қазсушар" РМК қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен 25%-ға өскен.