https://sputnik.kz/20250722/ulytau-oblysynda-3-myn-oqushyga-qarzhylay-komek-beriledi-55845189.html
Ұлытау облысында 3 мың оқушыға қаржылай көмек беріледі
Ұлытау облысында 3 мың оқушыға қаржылай көмек беріледі
Sputnik Қазақстан
Қаржылай көмекті халықтың әлеуметтік осал тобындағы оқушыларға киім-кешек, кеңсе тауарларын сатып алуға жұмсауға болады 22.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-22T21:00+0500
2025-07-22T21:00+0500
2025-07-22T21:00+0500
жезқазған
ұлытау облысы
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e4/09/07/14899186_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_77ad5ea6667a9f0b082d97f97c1f370b.jpg
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Ұлытау облысында әлеуметтік осал топтағы 3000-нан астам оқушыға қаржылай көмек беріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.Бір реттік қаражат балаларды мектепке дайындау үшін берілмек.Бұдан бөлек, 1 тамыздан бастап тұрмысы нашар және көпбалалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету мақсатында дәстүрлі "Мектепке жол" республикалық акциясы басталады.Айта кетері, 31 тамызға дейін республика бойынша 1-сыныпқа құжаттар қабылданып жатыр. Болжам бойынша Ұлытау облысында 1-сыныпқа 4 393 бала барады. Бүгінгі таңда 3 112 (71%) оқушы 1-сыныпқа қабылданды. Олардың ішінде 2 615 (84%) бала қазақ сыныптарын таңдады.
https://sputnik.kz/20250417/byltyr-komek-algan-51-mynga-zhuyq-otbasy-kedeylikten-qutyldy--ministrlik-52570164.html
жезқазған
ұлытау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/07/14899186_500:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_eb5e2174640e51bf85b3f683d92d2d60.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жезқазған, ұлытау облысы, мектеп
жезқазған, ұлытау облысы, мектеп
Ұлытау облысында 3 мың оқушыға қаржылай көмек беріледі
Қаржылай көмекті халықтың әлеуметтік осал тобындағы оқушыларға киім-кешек, кеңсе тауарларын сатып алуға жұмсауға болады
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Ұлытау облысында әлеуметтік осал топтағы 3000-нан астам оқушыға қаржылай көмек беріледі, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыс әкімдігінің ресми
сайтына сілтеме жасап.
Бір реттік қаражат балаларды мектепке дайындау үшін берілмек.
"Қаржылай көмек халықтың әлеуметтік осал тобындағы оқушыларға киім-кешек, кеңсе тауарларын сатып алу үшін тамыз айынан бастап төлене бастайды", - дейді әкімдік қызметкерлері.
Бұдан бөлек, 1 тамыздан бастап тұрмысы нашар және көпбалалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету мақсатында дәстүрлі "Мектепке жол" республикалық акциясы басталады.
Айта кетері, 31 тамызға дейін республика бойынша 1-сыныпқа құжаттар қабылданып жатыр. Болжам бойынша Ұлытау облысында 1-сыныпқа 4 393 бала барады. Бүгінгі таңда 3 112 (71%) оқушы 1-сыныпқа қабылданды. Олардың ішінде 2 615 (84%) бала қазақ сыныптарын таңдады.