Былтыр көмек алған 51 мыңға жуық отбасы кедейліктен құтылды – министрлік

© Sputnik / Санат ИмангалиевПятая Международная конференция AGRICOM
Пятая Международная конференция AGRICOM - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2025
Жазылу
Аталған кезеңде 413,7 мың адамға 39,5 млрд теңге АӘК берілді
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. 2024 жылы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алған 50,9 мың отбасы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында кедейлік жағдайынан шықты, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Аталған кезеңде жалпы сомасы 39,5 млрд теңгеге 78,1 мың отбасындағы 413,7 мың адамға АӘК берілді.
"Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірлік бөліністе АӘК алушылардың ең көп саны Түркістан облысында – 15,8 мың отбасы (20,3%), Шымкент қаласында – 8,8 мың отбасы (11,3%), Алматы облысында – 6,1 мың адам отбасы (7,8%), Қызылорда облысында – 6,4 мың отбасы (8,1%) болды", - деп жазылған хабарламада.
АӘК алушылар ең аз өңірлердің ішінде Ұлытау облысы – 363 отбасы (0,5%), Атырау облысы – 840 отбасы (0,9%), Солтүстік Қазақстан облысы – 1,2 мың отбасы (1,5%).
АӘК алушылардың құрылымында басым көпшілігі балалардың үлесіне – 66,6% немесе 275,5 мың адам; жұмыс істейтін азаматтар – 17,8% немесе 59,8 мың адам; балаларды, қарттарды және мүгедектігі бар адамдарды күтетін адамдар – 12,2% немесе 50,3 мың адам; қалған 3,4% азаматтардың басқа санаттарына тиесілі.
АӘК мыналарды көздейді:
табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру.
жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, оқуға жіберу және тағы басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап АӘК-ке үміткер отбасылардың материалдық жағдайын тексеруді жүзеге асыратын учаскелік комиссиялардың қызметін цифрландыру үшін мобильді қосымша енгізілді. Бұл шара әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім шығару кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, сондай-ақ өтініш берушінің тұрғылықты жерін анықтауға және оның материалдық жағдайын суретке түсіруге бағытталған.
Жаңалықтар
0