Қазақстанда 430 мыңнан астам шетел азаматы уақытша тұрып жатыр

Қазақстанда 430 мыңнан астам шетел азаматы уақытша тұрып жатыр
Қазақстанда 430 мыңнан астам шетел азаматы уақытша тұрып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2025
Жазылу
Жарты жылдың ішінде Қазақстанға 7,5 миллион шетел азаматы кірген
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі Қазақстанда жүрген шетелдіктердің санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовтың айтуынша, биыл жарты жылдың ішінде Қазақстанға 7,5 миллион шетел азаматы кірген. Олардың 7,2 миллионы қайта шыққан.
"Өткен жылмен салыстырғанда 600 мыңға өсті. Олардың 90 пайызы – ТМД азаматтары", - деді Әленов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Қазір Қазақстанда 212 мың шетел азаматы тұрақты тұрып жатыр. Олар:
Алматы қаласында – 42 мың адам;
Алматы облысында – 32 мың адам;
Астана мен Қарағанды облысында – 17 мың;
Ал 430 мыңнан астам шетел азаматы Қазақстанда уақытша тұрады.
"Олардың ішінде 360 мыңы жұмыс істеу мақсатымен, 17 мыңы отбасымен қосылуы, 8 мыңы білім алу үшін, ал 44 мыңы басқа мақсаттармен келген", - деді министрдің орынбасары.
Қазақстанның құрылыс саласында 5 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2025
Қазақстанның құрылыс саласында 5 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді
Жаңалықтар
0