Қазақстанның құрылыс саласында 5 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

© Sputnik/Ертай СарбасовҚазақстанның құрылыс саласында 5 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді
Қазақстанның құрылыс саласында 5 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2025
Жазылу
Маусымдық жұмыстарға 1 709, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 609 шетел азаматы жұмысқа тартылды
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 891 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат етілген санаттар:
басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 570 рұқсат (бірінші санат);
құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 439 рұқсат (екінші санат).
Тартылған шетелдік жұмыс күштерінің негізгі бөлігі үшінші санат (мамандар) 4 541 және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – 1 023 адам.
Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 709 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 609 адам тартылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күштерін пайдаланатын 1 768 жұмыс беруші бар. Оларда 376 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,4% - і.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша:
ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 131 адам;
ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 695 адам;
тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 351 адам;
өңдеу өнеркәсібі – 1 232 адам.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:
Қытай – 4 885 адам;
Өзбекстан – 1 614 адам;
Үндістан – 1 150 адам;
Түркия – 1 124 адам.
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейтінін және бөлетінін естеріңізге саламыз.
2025 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,2% мөлшерінде немесе 14,8 мың бірлік болып белгіленген. Ал осы жылдың наурыз айынан бастап жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне байланысты министрдің бұйрығымен 16,5 мың бірлікке дейін ұлғайтылды.
Знак такси на автомобиле - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2025
Елімізде 4 мыңнан астам шетел азаматы заңсыз такси қызметін атқарған
Жаңалықтар
0