Қазақстан мен Қырғызстанның одақтастығы тереңдей түседі - Тоқаев заңға қол қойды

© Photo : Сайт Минобороны КазахстанаҚазақстан мен Қырғызстанның одақтастығы тереңдей түседі - Тоқаев заңға қол қойды
Қазақстан мен Қырғызстанның одақтастығы тереңдей түседі - Тоқаев заңға қол қойды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2025
Жазылу
Шарт түрлі саладағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты ратификациялау туралы" заңға қол қойды.
Шарт саяси, әскери, сауда-экономикалық,инвестициялық, ауыл шаруашылығы, транзиттік-көліктік, су-энергетикалық, білім беру, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді. Негізгі мақсаттар:
тауар айналымын 1,5 млрд АҚШ долларынан 3 млрд-қа дейін ұлғайту ;
Қазақ-қырғыз шекарасында Индустриялық сауда-логистикалық кешен салу;
тауар номенклатурасын кеңейту;
тұрақты бизнес-форумдар мен сауда миссияларын өткізу, сондай-ақ өңіраралық әріптестікті тереңдету.
Тараптар терроризмді, экстремизмді және сепаратизмді, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмысты, киберқылмысты, заңсыз көші-қонды, адам саудасын, қару-жарақтың, есірткінің, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымын қоса алғанда, қауіпсіздіктің қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен қатерлерге қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастықты кеңейтеді.
Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекеттік нышандары - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2025
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы маңызды келісім жаңартылды
Жаңалықтар
0