Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы маңызды келісім жаңартылды

© Photo : пресс-служба правительства КыргызстанаҚазақстан мен Қырғызстанның мемлекеттік нышандары
Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекеттік нышандары - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2025
Жазылу
Сенаторлар бүгінгі заңды бірауыздан қабылдады.
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Сенат депутаттары Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялауға арналған заңды мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенат депутаты Геннадий Шиповскихтің айтуынша, 1997 жылы жасалғанын бұрынғы келісім шамамен 30 жылдан кейін халықаралық және ұлттық заңнамадағы өзгерістерге сай жаңартуды қажет етті. Оған қоса, Қазақстан Қырғызстанның үшінші ірі сауда серіктесі болып табылады.
Бүгінде қазақстандық экспорт 9,6%-ға өсіп, 1,3 млрд АҚШ долларына жетті. Қырғызстаннан келетін инвестициялар да аз емес. Былтыр 9 айдың ішінде ол жақтан Қазақстанға 4,8 млн АҚШ долларын құрайтын тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. Ал екі елдәң тауар айналымы 2024 жылы 1,71 млрд АҚШ долларын құрады.
"Қырғызстанмен стратегиялық әріптестік Орталық Азиядағы өңірлік интеграцияны одан әрі дамыту перспективаларын ашады, бұл біздің халықтарымыз арасындағы байланыстың нығаюына ықпал етеді", - деді Шиповских сенаттың бүгінгі отырысында.
Сенаторлар бүгінгі заңды бірауыздан қабылдады.
Келісімнің негізгі қағидалары:
Инвестицияларға ұлттық және неғұрлым қолайлы режим ұсыну;
Инвестицияларды экспроприациядан қорғау;
капиталды еркін аударуға кепілдік беру;
Инвестициялық дауларды реттеудің ашық әрі әділ жолдарын белгілеу.
Айта кетері, қырғыз тарапы келісімнің жаңа нұсқасын 2021 жылы Қырғызстанның атқарушы билігі құрылымындағы өзгерістерге байланысты ұсынған болатын. 2024 жылғы 19 сәуірде Қырғыз Республикасы президентінің Астанаға ресми сапары барысында аталған келісімге қол қойылды.
Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекеттік рәміздері - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2025
Қазақстан мен Қырғызстан қарым-қатынасы күшейеді - заң қабылданды
Жаңалықтар
0