Қазақстан мен Қырғызстан қарым-қатынасы күшейеді - заң қабылданды
© Photo : Telegram-канал министра туризма и спорта КазахстанаҚазақстан мен Қырғызстанның мемлекеттік рәміздері

© Photo : Telegram-канал министра туризма и спорта Казахстана
Жазылу
Одақтастық қатынастарды тереңдету жолында жоғары мемлекетаралық кеңесі маңызды рөл атқарады
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты ратификациялауға арналған заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Шарттың негізгі мақсаты - екі жақты ынтымақтастыққа қосымша серпін беру. Ол үшін құжатта саяси, әскери, сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, транзит-көлік, су-энергетика, білім беру, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту қарастырылған.
Одақтастық қатынастарды тереңдету жолында жоғары мемлекетаралық кеңесі маңызды рөл атқарады. Парламентаралық байланыстар да күшейтіледі.
"Сонымен қатар, тараптар терроризмді, экстремизмді және сепаратизмді, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмысты, киберқылмысты, заңсыз көші-қонды, адам саудасын, қару-жарақтың, есірткінің, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымын қоса алғанда, қауіпсіздіктің қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен қатерлерге қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастықты кеңейтеді және тереңдетеді", - делінген заң жобасында.
Бүгін депутаттар заңды бірауыздан қабылдап, сенаттың қарауына жіберді.