Білім

Грант иегерлерінің тізімі қашан шығады

© Sputnik / Абзал КалиевСтарт ЕНТ 2019
Старт ЕНТ 2019 - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2025
Жазылу
Биыл бакалавриатқа түсу үшін 77 мыңнан астам грант берілді
АЛМАТЫ, 21 шілде - Sputnik. Биыл 113 мыңға жуық талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді, деп хабарлайды ғылым және жоғарғы білім министрлігі.
Былтыр 104 мыңнан астам өтініш қабылданған болатын.
Биыл бакалавриатқа түсу үшін 77 мыңнан астам грант берілді. Гранттардың басым бөлігі инженерлік және техникалық бағыттарға бөлінген. "Педагогикалық ғылымдар" және "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат" бағыттары бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген. Сондай-ақ "Серпін" бағдарламасы арқылы түсушілерге 2 412 грант бөлінген. Гранттар тізімінде Атырау және Маңғыстау облысы түлектеріне арналған 2 500 мақсатты білім беру гранты бар.
Қабылдау науқанының нәтижесіне сәйкес болашақ аудармашылар, мұғалімдер, психологтар, дизайнерлер және заңгерлер арасында бір гранттық орынға ең үлкен конкурс болады деп күтілуде.
Ал гранттар тағайындау жөніндегі шешімді республикалық конкурстық комиссия қабылдайды. Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.
Абитуриенты Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2025
Білім
Ертең білім грантына құжат қабылдау басталады
Жаңалықтар
0