https://sputnik.kz/20250712/bilim-grantyna-quzhat-qabyldau-bastaldy-55595385.html
Ертең білім грантына құжат қабылдау басталады
Ертең білім грантына құжат қабылдау басталады
Sputnik Қазақстан
Құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн немесе жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы (кез келген жақын орналасқан ЖОО-да) тапсыруға болады 12.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-12T15:42+0500
2025-07-12T15:42+0500
2025-07-13T10:17+0500
білім
ұбт
білім гранттары
https://sputnik.kz/img/285/44/2854454_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_5c4c894637e4528c1832c26c8c62844f.jpg
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Талапкерлерден гранттар конкурсына қатысу үшін өтініштер 2025 жылғы 13 мен 20 шілде аралығында қабылданады, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігі.Министрліктің мәліметінше, құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн немесе жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы (кез келген жақын орналасқан ЖОО-да) тапсыруға болады.Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын, 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері үшін диплом) тапсыру керек. Сондай-ақ жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынылады.ҰБТ шекті баллдарыБілім беру гранттары конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ нәтижелері бойынша келесі шекті баллдар белгіленген:Еске сала кетсек, жоғары оқу орындары білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға қабылдау үшін өз шекті баллдарын өздері белгілеуге құқылы.Ауылдық жерлерден шыққан және әлеуметтік осал топтарға жататын талапкерлерді қолдау мақсатында қабылдау науқаны аясында арнайы шаралар қарастырылған. Атап айтқанда, гранттар конкурсына қатысу барысында мемлекет бекіткен квоталар бар.Айта кетейік, 2025 жылы "Цифрлық университет" қағидатын жүзеге асыру жалғасуда: үдерістердің басым бөлігі автоматтандырылған, бұл конкурстық іріктеудің ашықтығын арттырады.Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/285/44/2854454_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_7fe29c57a34be508f0e6046a189719af.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұбт, білім гранттары
Ертең білім грантына құжат қабылдау басталады
15:42 12.07.2025 (жаңартылды: 10:17 13.07.2025) Құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн немесе жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы (кез келген жақын орналасқан ЖОО-да) тапсыруға болады
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Талапкерлерден гранттар конкурсына қатысу үшін өтініштер 2025 жылғы 13 мен 20 шілде аралығында қабылданады, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн немесе жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы (кез келген жақын орналасқан ЖОО-да) тапсыруға болады.
Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын, 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері үшін диплом) тапсыру керек. Сондай-ақ жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынылады.
Білім беру гранттары конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ нәтижелері бойынша келесі шекті баллдар белгіленген:
"Құқық" және "Педагогикалық ғылымдар" бағыттары бойынша – кемінде 75 балл;
"Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" бағыты бойынша – кемінде 70 балл;
ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 65 балл;
басқа жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 50 балл;
Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне түсу үшін – кемінде 50 балл.
Еске сала кетсек, жоғары оқу орындары білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға қабылдау үшін өз шекті баллдарын өздері белгілеуге құқылы.
Ауылдық жерлерден шыққан және әлеуметтік осал топтарға жататын талапкерлерді қолдау мақсатында қабылдау науқаны аясында арнайы шаралар қарастырылған. Атап айтқанда, гранттар конкурсына қатысу барысында мемлекет бекіткен квоталар бар.
Айта кетейік, 2025 жылы "Цифрлық университет" қағидатын жүзеге асыру жалғасуда: үдерістердің басым бөлігі автоматтандырылған, бұл конкурстық іріктеудің ашықтығын арттырады.
Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.