https://sputnik.kz/20250721/almaty-oblysynda-itter-talap-tastagan-11-zhastagy-balanyn-otbasyna-baspana-berildi-55810155.html
Алматы облысында иттер талап тастаған 11 жастағы баланың отбасына баспана берілді
Алматы облысында иттер талап тастаған 11 жастағы баланың отбасына баспана берілді
Sputnik Қазақстан
Отбасына мұндай мүмкіндікті "Asar-Ume" қайырымдылық қоры сыйлады 21.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-21T10:21+0500
2025-07-21T10:21+0500
2025-07-21T10:21+0500
алматы облысы
қабаған ит
бала
баспана
отбасы
қайырымдылық
https://sputnik.kz/img/07e9/03/06/51390976_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_53964e92faed14f515f2ed0a58604e65.jpg
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Алматы облысы Жалпақсай ауылында питбуль иттері талап тастаған Максим Головачевтің отбасына баспана берілді.Отбасына мұндай мүмкіндікті "Asar-Ume" қайырымдылық қоры сыйлады.83 шаршы метрлік баспана отбасының бұрын тұрған шағын үйінің жанында орналасқан. Қоныс тойын ұйымдастыруға Алмалыбақ және Жалпақсай ауылдарының тұрғындары мен Максим оқитын Алмалыбақ орта мектеп-гимназиясы ұжымының өкілдері көмектесті. Максимнің өзі әлі аурухада емделіп жатыр, бірақ дәрігерлер оның жақын арада отбасына оралатынын айтады. Еске сала кетейік, 30 маусымда Алматы облысы Қарасай ауданы Жалпақсай ауылында 11 жастағы Максимді питбуль иттері талап тастаған.
https://sputnik.kz/20250701/aga-qutqarshy-almaty-oblysynda-zhetkinshekti-ush-it-ayausyz-talady-55271458.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/06/51390976_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_deb95edfd111fdc0c615489ca550e3f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, қабаған ит, бала, баспана, отбасы, қайырымдылық
алматы облысы, қабаған ит, бала, баспана, отбасы, қайырымдылық
Алматы облысында иттер талап тастаған 11 жастағы баланың отбасына баспана берілді
Отбасына мұндай мүмкіндікті "Asar-Ume" қайырымдылық қоры сыйлады
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Алматы облысы Жалпақсай ауылында питбуль иттері талап тастаған
Максим Головачевтің отбасына баспана берілді.
Отбасына мұндай мүмкіндікті "Asar-Ume" қайырымдылық қоры сыйлады.
"11 жастағы Максимнің отбасы он жылдан астам уақыт бойы жалдамалы пәтерлерде тұрған екен. Қайғылы оқиғадан кейін балаға жергілікті әкімдік, қайырымдылық қоры мен еркітілер көмектесе бастаған. Кейін отбасы қордың талаптарына сай келгендіктен баспана алып беру туралы шешім қабылданған", - дейді қор жетекшісі Асхат Нұрмашев.
83 шаршы метрлік баспана отбасының бұрын тұрған шағын үйінің жанында орналасқан. Қоныс тойын ұйымдастыруға Алмалыбақ және Жалпақсай ауылдарының тұрғындары мен Максим оқитын Алмалыбақ орта мектеп-гимназиясы ұжымының өкілдері көмектесті.
Максимнің өзі әлі аурухада емделіп жатыр, бірақ дәрігерлер оның жақын арада отбасына оралатынын айтады.
Еске сала кетейік, 30 маусымда Алматы облысы Қарасай ауданы Жалпақсай ауылында 11 жастағы Максимді питбуль иттері талап тастаған.