"Аға, құтқаршы": Алматы облысында жеткіншекті үш ит аяусыз талады
11:20 01.07.2025 (жаңартылды: 11:46 01.07.2025)
© Sputnik / Айдана Дайырова Алматы облысында стадионда жеткіншекті үш ит аяусыз талады

© Sputnik / Айдана Дайырова
Жазылу
АЛМАТЫ, 1 шілде – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылында 11 жастағы баланы ит талап тастады. Оқиға 30 маусымда стадионда болған. Оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі айтады.
© Sputnik / Айдана Дайырова Алматы облысында стадионда жеткіншекті үш ит аяусыз талады

Алматы облысында стадионда жеткіншекті үш ит аяусыз талады
© Sputnik / Айдана Дайырова
Бір Алмалыбақ емес, жан-жақтағы бар ауылдың баласы келіп ойнайтын жалғыз стадионда 11 жастағы баланы тапа-тал түсте үш ит талап тастады. Қасында бірге ойнаған балалардың айтуынша, зардап шеккен бала итті өзі ашуландырған.
"Ол қолындағы таяқпен қақпаның астынан ана иттерді түрткілей берді. Қой деп айттым. Ылғи сөйтетіні бар еді. Бір уақытта қақпа ашылып кетіп, иттер қуалады. Оны талап тастады. Баланы жедел жәрдем алып кетті. Кейін стадионға келсек құлақ сияқты бір етті көрдік", - дейді оқиғаны көрген баланың бірі.
© Sputnik / Айдана Дайырова Алматы облысында стадионда жеткіншекті үш ит аяусыз талады

Алматы облысында стадионда жеткіншекті үш ит аяусыз талады
© Sputnik / Айдана Дайырова
Баланы жолдан көлігімен өтіп бара жатқан тұрғын құтқарып қалған.
"Көлігіммен өтіп бара жатыр едім, бір топ бала стадионнан жүгіріп шығып көмек сұрады. Қарасам питбуль баланың санынан, ал овчарка иығынан жұлмалап жатыр екен. Бала бір көзін ғана ашып, "аға көмектесші" деді. Бір итті ұрдым, ол қашып кетті. Ал иығынан жұлмалаған итті әрең ажыраттым", - дейді баланы құтқарған тұрғын Серікбек Сақайбеков.
Анасының айтуынша, баланың денесінде сау-тамтық жоқ.
"Менің баламның итті ашуландыруы мүмкін емес, ол оны жақсы көреді. Иттер қақпадан атып шыққанда балам қашып үлгермеген. Балам есін біледі, бірақ жағдайы ауыр. Құлағының жартысы жоқ, бет-аузынан сау-тамтық жоқ, сан етін жұлып алған", - дейді анасы Екатерина Бурмистрова.
© Sputnik / Айдана Дайырова Алматы облысында стадионда жеткіншекті үш ит аяусыз талады

Алматы облысында стадионда жеткіншекті үш ит аяусыз талады
© Sputnik / Айдана Дайырова
Адам талаған иттер дәл стадионның іргесіндегі үйдікі. Иесі итінің ашуына тиген баланы кінәлайды. Айтуынша, иттері қамауда тұр, адамға зияны жоқ.
"Халықтың алдында айтамын, ит иесінің кінәсі бар, бірнеше итті заңсыз ұстап отыр. Иелеріне әкімшілік айыппұл салынған. Зардап шеккен бала ауруханадан шығады, барлық шығынын иттің иесі төлейді. Бұл жерде ит ұстауға заңды түрде рұқсат жоқ, біз осы бағытта жұмыс істейміз", - деді Ұмтыл ауылдық округінің әкімі Ислам Ибатжан.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
"Кәмелетке толмаған жеткіншектің денсаулығына ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта куәгерлерден жауап алынып жатыр, болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу жүргізілуде", - дейді Алматы облыстық полиция департаменті.
Полицияның айтуынша, барлық кінәлі адам жауапқа тартылады. Сондай-ақ ата-аналарға балаға абай болу қажеттігін ескертті. Бұл ескерту үйінде иті барларға да қатысты.