Ресей ЕАЭО-ның барлық елінде көлік терезесін қараңғылауға рұқсат беруді сұрады

© Sputnik / Медиабанкке өтуТонировка. Архивное фото
Тонировка. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2025
Жазылу
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Ресейдің мемлекеттік думасында ЕАЭО аймағында көлік терезесін қараңғылауға рұқсат беру мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Sputnik Ближнее зарубежье.
Думаның еңбек және әлеуметтік саясат комитетінің башысы, депутат Ярослав Нилов Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевқа хат жолдап, ЕАЭО аймағында көліктің алдыңғы екі жақ терезесін қараңғылауға рұқсат беру мәселесін пысықтауды сұрады.
"ЕАЭО елдерінің көптеген аймағында ауа температурасы +30-40 градусқа, тіпті, одан жоғары көтеріліп тұр. Ыстықты былай қойғанда күн сәулесі көлікті басқаруға айтарлықтай кедергі жасайды, жол қозғалысының қауіпсіздігі болмайды. Себебі көлік жүргізушісінің назары ауа райы ауып отырады", — дейді Нилов.
Бұған дейін Қазақстандағы Respublica партиясының мәжілістегі фракциясы "тонировканы" ақылы түрде енгізуді ұсынған болатын. Ал рұқсаттың орташа құны 50 АЕК (2025 жылы - 196 600 теңге) болса да, бюджетке жылына 50 млрд теңгеден астам қаржы түседі деген есебін де жариялады.
Ал ішкі істер министрі бұл ұсынысты қолдаған жоқ. Себебі көліктің екі жақ терезесін қараңғылап тастаса, рөлде отырған адамның қауіпсіздік белдігін таққаны көрінбей қалады. Ұялы телефонмен сөйлесіп келе жатқанын да бірден байқау қиын.
Жаңалықтар
0