https://sputnik.kz/20250719/salyq-kodeksi-kasipkerlerge-qanday-zhenildikter-zhasalady-55777682.html
Салық кодексі: кәсіпкерлерге қандай жеңілдіктер жасалады
Салық кодексі: кәсіпкерлерге қандай жеңілдіктер жасалады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Үкімет жаңа Салық кодексі аясында кәсіпкерлерге қандай жеңілдіктер жасалатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 19.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-19T15:00+0500
2025-07-19T15:00+0500
2025-07-19T15:00+0500
үкімет
заң
салық
кодекс
кәсіпкер
https://sputnik.kz/img/07e9/07/13/55766490_0:84:1600:984_1920x0_80_0_0_512d1cfe2758b590edadc5541e2de863.jpg
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Үкімет жаңа Салық кодексі аясында кәсіпкерлерге қандай жеңілдіктер жасалатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ұлттық экономика министрлігіне қарасты салық және кеден саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағынаевтың айтуынша, бүгінде салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары 6 АЕК (2025 жылда – 23 592 теңгеден) бастап қолданылса, жаңа Салық кодексінде шара қолдану берешек мөлшеріне байланысты болады. Ал берешек сомасы 45 АЕК-тен асып кетсе, сауда-саттыққа шығарылатын мүлік есепке алынады. Сондай-ақ, борышкердің дебиторлары есебінен берешекті өндіріп алу жұмысы басталады. Айта кетері, "Атамекен" ұлттық паласында кездесу кезінде үкімет мүшелері арнаулы салық режимдерін пайдалану тәртібін де түсіндірген болатын.
https://sputnik.kz/20250719/ukimet-arnauly-salyq-rezhimin-paydalanu-tartibin-tusindirdi--55774301.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/13/55766490_89:0:1512:1067_1920x0_80_0_0_6a07ffdd8b6d992efd399fbac7d120cb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, заң, салық, кодекс, кәсіпкер
үкімет, заң, салық, кодекс, кәсіпкер
Салық кодексі: кәсіпкерлерге қандай жеңілдіктер жасалады
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Үкімет жаңа Салық кодексі аясында кәсіпкерлерге қандай жеңілдіктер жасалатынын түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Ұлттық экономика министрлігіне қарасты салық және кеден саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағынаевтың айтуынша, бүгінде салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары 6 АЕК (2025 жылда – 23 592 теңгеден) бастап қолданылса, жаңа Салық кодексінде шара қолдану берешек мөлшеріне байланысты болады.
"Осы орайда маңызды бір мәселені атап өткен жөн, бизнестің салық бойынша қарызы аз болса, барлық қызметі бұғатталмайды. Мәселен, берешек 20 АЕК-ке (2025 жылда – 78 640 теңгеге) дейінгі соманы құраса, онда тек салық берешегінің бар екендігі туралы есерту жіберіледі. Қарыздың мөлшері 20-дан 45 АЕК-ке (78 640 теңгеден 176 940 теңгеге) дейін болса, онда хабарлама жіберіліп, ол өтелмеген жағдайда банктік шот бойынша шығыс операциялары тоқтатылып, инкассалық өкім қойылады", - дейді Сағынаев.
Ал берешек сомасы 45 АЕК-тен асып кетсе, сауда-саттыққа шығарылатын мүлік есепке алынады. Сондай-ақ, борышкердің дебиторлары есебінен берешекті өндіріп алу жұмысы басталады.
Айта кетері, "Атамекен" ұлттық паласында кездесу кезінде үкімет мүшелері арнаулы салық режимдерін пайдалану тәртібін де түсіндірген болатын.