https://sputnik.kz/20250719/ukimet-arnauly-salyq-rezhimin-paydalanu-tartibin-tusindirdi--55774301.html
Үкімет арнаулы салық режимін пайдалану тәртібін түсіндірді
Үкімет арнаулы салық режимін пайдалану тәртібін түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Жаңа Салық кодексі бойынша арнаулы салық режимдерінің саны жетіден үшке дейін қысқартылып отыр 19.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-19T13:21+0500
2025-07-19T13:21+0500
2025-07-19T13:21+0500
үкімет
салық
заң
https://sputnik.kz/img/07e9/07/13/55766534_0:81:3355:1968_1920x0_80_0_0_c6d808cf89409fb4148cc6f41398e405.jpg
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Үкімет жаңа Салық кодексінің негізгі нормаларын түсіндіруге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Министрлер кабинетінің мүшелері "Атамекен" ұлттық паласында кездесу өткізіп, арнаулы салық режимдерін пайдалану тәртібін түсіндірді. Жаңа Салық кодексі бойынша арнаулы салық режимдерінің саны жетіден үшке дейін қысқартылып отыр. Олар: Мәселен, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық режимін жеке кәсіпкер болып табылмайтын азаматтар пайдалана алады. Бұдан бөлек, жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға шектеу бар. Оған қоса, нақты қызмет түрлері де белгіленген. Қалған екі режимнің ерекшелігі қандай Жеңілдетілген декларацияның жаңа тәртібі бойынша қосылған құн салығы мен әлеуметтік салықты төлемеу мүмкіндігі сақталады. Бірақ жылдық табыс 600 мың АЕК-тен (2,4 млрд теңгеден) аспауы шарт. Ал жалдамалы жұмыскер санына шектеу жоқ. Сосын кәсіпкерлік қызметтің түрі тыйым салынған тізбеге кірмеуі керек. Шаруа қожалықтары үшін қолданыстағы арнаулы салық режимі сақталып отыр. Ал мақсатсыз немесе заңды бұза отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы жерлері бойынша жер салығының базалық ставкалары 20-дан 40 есеге дейін ұлғайтылды.
https://sputnik.kz/20250718/toqaev-zhana-salyq-kodeksine-qol-qoydy-55759742.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/13/55766534_312:0:3043:2048_1920x0_80_0_0_c1a632476bd5df54f0f7e5b54be534a1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, салық, заң
Үкімет арнаулы салық режимін пайдалану тәртібін түсіндірді
Жаңа Салық кодексі бойынша арнаулы салық режимдерінің саны жетіден үшке дейін қысқартылып отыр
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Үкімет жаңа Салық кодексінің негізгі нормаларын түсіндіруге кірісті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Министрлер кабинетінің мүшелері "Атамекен" ұлттық паласында кездесу өткізіп, арнаулы салық режимдерін пайдалану тәртібін түсіндірді. Жаңа Салық кодексі бойынша арнаулы салық режимдерінің саны жетіден үшке дейін қысқартылып отыр. Олар:
өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін;
жеңілдетілген декларация негізінде;
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін.
Мәселен, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық режимін жеке кәсіпкер болып табылмайтын азаматтар пайдалана алады. Бұдан бөлек, жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға шектеу бар. Оған қоса, нақты қызмет түрлері де белгіленген.
"Ал күнтізбелік айдағы табыстың көлемі 300 АЕК – тен (2025 жылда - 1 179 600 теңгеден) аспауы шарт. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жеке табыс салығынан босатылады және табысының 4% мөлшерінде өздері үшін әлеуметтік төлем ғана жасайды", - дейді салық және кеден саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағынаев.
Қалған екі режимнің ерекшелігі қандай
Жеңілдетілген декларацияның жаңа тәртібі бойынша қосылған құн салығы мен әлеуметтік салықты төлемеу мүмкіндігі сақталады. Бірақ жылдық табыс 600 мың АЕК-тен (2,4 млрд теңгеден) аспауы шарт. Ал жалдамалы жұмыскер санына шектеу жоқ. Сосын кәсіпкерлік қызметтің түрі тыйым салынған тізбеге кірмеуі керек.
Шаруа қожалықтары үшін қолданыстағы арнаулы салық режимі сақталып отыр.
"Бірыңғай жер салығының жойылуына байланысты жалпы табыстың 0,5% мөлшерінде тиесілі табыс салығын шаруа қожалықтары басқа кәсіпкерлер сияқты төлейтін болады", - деп атап көрсетті Сағынаев.
Ал мақсатсыз немесе заңды бұза отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы жерлері бойынша жер салығының базалық ставкалары 20-дан 40 есеге дейін ұлғайтылды.