https://sputnik.kz/20250719/qazazottagy-totenshe-zhagdaydyn-man-zhayy-belgili-boldy--tort-adam-zardap-shekti-55787310.html
"ҚазАзоттағы" төтенше жағдайдың мән-жайы белгілі болды – төрт адам зардап шекті
"ҚазАзоттағы" төтенше жағдайдың мән-жайы белгілі болды – төрт адам зардап шекті
Sputnik Қазақстан
Апатқа отпен жұмыс жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болуы мүмкін 19.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-19T17:33+0500
2025-07-19T17:33+0500
2025-07-19T17:35+0500
төтенше жағдай
маңғыстау облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/07/13/55786139_167:172:1039:663_1920x0_80_0_0_ea326c44080fb4f116f7ec3e6bc24e56.jpg
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысының әкімдігі "ҚазАзот" компаниясының өндірістік цехында болған төтенше жағдайдың мән-жайын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.18 шілде күні сағат 14.47 шамасында өндірісте техникалық апат болған.Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Қазақстанның бас реаниматологы мен күйік жарақаттары бойынша жетекші мамандар шақыртылды. Қазіргі кезде зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы бірқалыпты. Облыс басшылығы жағдайды жеке бақылауына алған. Компания тарапынан запдап шеккен отбасыларға қажетті көмек көрсетіледі.Ал облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы ұсынған мәліметке сәйкес, жұмысшылар отпен жұмыс істеу рұқсат құжаттарын рәсімдемеген."Оқиға жабық кеңістікте болды. Апатқа отпен жұмыс жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болуы мүмкін. Анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды", - дейді инспекторлар.Полиция Қылмыстық кодексінің 156-бабы (еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тергеу шараларын бастады.
https://sputnik.kz/20250719/aqtaudagy-qazazot-kompaniyasynda-totenshe-zhagday-oryn-aldy-55771976.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/13/55786139_260:161:930:663_1920x0_80_0_0_7470c3cf5cdfa28dc2078fd57de9171e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
төтенше жағдай, маңғыстау облысы
төтенше жағдай, маңғыстау облысы
"ҚазАзоттағы" төтенше жағдайдың мән-жайы белгілі болды – төрт адам зардап шекті
17:33 19.07.2025 (жаңартылды: 17:35 19.07.2025) Апатқа отпен жұмыс жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болуы мүмкін
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысының әкімдігі "ҚазАзот" компаниясының өндірістік цехында болған төтенше жағдайдың мән-жайын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. 18 шілде күні сағат 14.47 шамасында өндірісте техникалық апат болған.
"Оқиға орнында 4 адам зардап шегіп, барлығына термиялық күйік диагнозы қойылды. Оның 2-і жансақтау бөліміне, қалған 2-і травмотологиялық бөлімге жатқызылды", - делінген ресми хабарламада.
Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Қазақстанның бас реаниматологы мен күйік жарақаттары бойынша жетекші мамандар шақыртылды. Қазіргі кезде зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы бірқалыпты. Облыс басшылығы жағдайды жеке бақылауына алған. Компания тарапынан запдап шеккен отбасыларға қажетті көмек көрсетіледі.
Ал облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы ұсынған мәліметке сәйкес, жұмысшылар отпен жұмыс істеу рұқсат құжаттарын рәсімдемеген.
"Оқиға жабық кеңістікте болды. Апатқа отпен жұмыс жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болуы мүмкін. Анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды", - дейді инспекторлар.
Полиция Қылмыстық кодексінің 156-бабы (еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тергеу шараларын бастады.