Ақтаудағы "ҚазАзот" компаниясында төтенше жағдай болды

© Photo : АО "КазАзот" Ақтаудағы "ҚазАзот" компаниясында төтенше жағдай болды
Ақтаудағы ҚазАзот компаниясында төтенше жағдай болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2025
Жазылу
Бірнеше адам зардап шеккен
АСТАНА, 19 шілде-Sputnik. "ҚазАзот" компаниясында төтенше жағдай болғаны туралы хабар әлеуметтік желілерде тарады. Жергілікті портал Lada.kz. хабарлағандай кәсіпорында бірнеше қызметкер зардап шеккен.
Ақтау тұрғындары кәсіпорын ауданына жіберілген жедел жәрдем мен өрт сөндіру көліктерін видеоға түсіріп алған. Оқиға орнындағы кадрлар желіде таралды.
Кейінірек компания бұл оқиғаға түсініктеме берді.
"Біз үшін бұл өте қиын оқиға. Біз зардап шеккендерге және олардың жақындарына шынайы жанашырлық пен қолдау білдіреміз. Оқиғаның алғашқы сағаттарынан бастап компания көмек көрсету үшін барлық мүмкін шараларды қабылдады. Біздің бастамамыз бойынша емдеуге еліміздің бас реаниматологы және термиялық күйік бойынша бейінді маман тартылды", - деп хабарлады компания.
Сондай-ақ, ақ зардап шеккендер дәрігерлерімен және отбасыларымен үнемі байланыста екенін хабарлады.

"ҚР Еңбек кодексінің 189-бабына сәйкес, комиссия төрағасының келісімінсіз куәгерлерге сауалнама жүргізуге және кез келген қосымша тергеп-тексерулер жүргізуге қатаң тыйым салынады. Осыған байланысты барлық тексерулер аяқталғанға дейін оқиғаның егжей-тегжейлері жария етілмейді. Компания уәкілетті органдарға толық көмек көрсетеді және заңнама шеңберінде қатаң әрекет етеді", – деп атап өтті компания.

Тергеу нәтижелері мен одан әрі шаралар туралы қосымша хабарлауға уәде етілді.
казазот - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2023
"Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында" апат болды
Жаңалықтар
0