https://sputnik.kz/20250719/kiiktin-eti-qauipti-ministrlik-zhelide-taragan-aqparatqa-tusinikteme-berdi-55789150.html
"Киіктің еті қауіпті": министрлік желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді
"Киіктің еті қауіпті": министрлік желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі киіктің еті арқылы сан алун ауруларды жұқтыру қаупіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды... 19.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-19T19:00+0500
2025-07-19T19:00+0500
2025-07-19T19:00+0500
киік
https://sputnik.kz/img/1014/43/10144318_275:156:1043:588_1920x0_80_0_0_d365b1c820bc2f7307094af008d4cef6.jpg
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі киіктің еті арқылы сан алун ауруларды жұқтыру қаупіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Әлеуметтік желіде және бұқаралық ақпарат құралдарында киіктің етін жегенде ауруды жұқтыру қаупі жайында жазылып жүр. Осы орайда ауыл шаруашылығы министрлігі киіктердің санын реттеу тәртібін түсіндірді. Соның аясында барлық қауіпсіздік шаралары ескерілген:Ал Ұлттық ветеринария референттік орталығы аусыл, бруцеллез, пастереллез, сібір жарасы және тағы басқа ауруларды болдырмау мақсатында киіктердің бүкіл популяциясына тұрақты түрде эпизоотиялық мониторинг жүргізеді. Ветеринариялық қызмет өз кезегінде киіктермен ортақ жайылымдар мен суаттарда ауыл шаруашылығы жануарларына да тұрақты түрде зерттеулер жасап отырады.Киіктің ұшалары сою орындарына жеткізілгеннен кейін ветеринариялық-санитариялық сараптама өткізіледі. Негізгі шаралар:Ұшаның ветеринариялық талаптарға сәйкестігі анықталған жағдайда ет әрі қарай бөлшектеліп, өңделеді, ал қалдықтар залалсыздандырылады.Сонымен қатар, ішкі сауда нысандарында ветеринариялық инспекторлар күнделікті бақылау жүргізеді. Атап айтқанда, ветеринариялық анықтаманың және сою орнының таңбасының бар-жоғы, өнімді тасымалдау кезінде температуралық режимнің сақталуы мен зертханалық бақылау нәтижелері тексеріледі."Осыған байланысты ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті тұтынушыларға киік етін арнайы белгіленген орындардан және ветеринариялық ілеспе құжаттар болған жағдайда ғана, тамақтану және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес сатып алуға кеңес береді", - дейді мамандар.
https://sputnik.kz/20250710/kiiktin-etin-zheuge-bola-ma--muftiyattyn-patuasy-55530945.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1014/43/10144318_245:97:895:585_1920x0_80_0_0_9f5ad59306a9aefad475344be58160a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
киік
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі киіктің еті арқылы сан алун ауруларды жұқтыру қаупіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде және бұқаралық ақпарат құралдарында киіктің етін жегенде ауруды жұқтыру қаупі жайында жазылып жүр. Осы орайда ауыл шаруашылығы министрлігі киіктердің санын реттеу тәртібін түсіндірді. Соның аясында барлық қауіпсіздік шаралары ескерілген:
киіктің сойылған ұшалары рефрижераторларға салынып, сою пункттеріне жеткізіледі;
киіктерді сою және биологиялық қалдықтарды залалсыздандыру бойынша тиісті нормативтер қабылданған;
сою пунктері ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай (мал союға арналған арнайы бөлмелер, тоңазытқыш камералар, ұшаларды ілуге арналған құралдар, сумен жабдықтау және т.б.).
Ал Ұлттық ветеринария референттік орталығы аусыл, бруцеллез, пастереллез, сібір жарасы және тағы басқа ауруларды болдырмау мақсатында киіктердің бүкіл популяциясына тұрақты түрде эпизоотиялық мониторинг жүргізеді. Ветеринариялық қызмет өз кезегінде киіктермен ортақ жайылымдар мен суаттарда ауыл шаруашылығы жануарларына да тұрақты түрде зерттеулер жасап отырады.
Киіктің ұшалары сою орындарына жеткізілгеннен кейін ветеринариялық-санитариялық сараптама өткізіледі. Негізгі шаралар:
ұшаның, ішкі ағзалардың және басының органолептикалық қарау;
барлық қолжетімді лимфа түйіндерін жарып, ішкі ағзаларды тіліп тексеру;
финнозға (цистицеркоз) зерттеу;
жалпы радиациялық фонды анықтау.
Ұшаның ветеринариялық талаптарға сәйкестігі анықталған жағдайда ет әрі қарай бөлшектеліп, өңделеді, ал қалдықтар залалсыздандырылады.
Сонымен қатар, ішкі сауда нысандарында ветеринариялық инспекторлар күнделікті бақылау жүргізеді. Атап айтқанда, ветеринариялық анықтаманың және сою орнының таңбасының бар-жоғы, өнімді тасымалдау кезінде температуралық режимнің сақталуы мен зертханалық бақылау нәтижелері тексеріледі.
"Осыған байланысты ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті тұтынушыларға киік етін арнайы белгіленген орындардан және ветеринариялық ілеспе құжаттар болған жағдайда ғана, тамақтану және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес сатып алуға кеңес береді", - дейді мамандар.