https://sputnik.kz/20250718/su-salasy-mamandarynyn-ushinshi-legi-qytayga-oquga-attandy-55763134.html
Су саласы мамандарының үшінші легі Қытайға оқуға аттанды
Су саласы мамандарының үшінші легі Қытайға оқуға аттанды
Sputnik Қазақстан
Биыл Қытайда су саласының 121 маманы біліктілігін арттырмақ 18.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-18T22:50+0500
2025-07-18T22:50+0500
2025-07-18T22:50+0500
су
министрлік
қытай
https://sputnik.kz/img/07e9/07/12/55763232_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_c66100a944a140783f94c5443f1dfe56.jpg
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Су саласы мамандарының үшінші легі Қытайға оқуға аттанды, деп хабарлайды су ресурстары және ирригация министрлігі.Қытайға екі апталық курсқа 31 маман аттанды. Бұған дейін көршілес елде 30 адамнан тұратын екі топ білім алған болатын. Жалпы биыл Қытайда қазақстандық су саласының 121 маманы біліктілігін арттырады. Оқу Қытай тарапының қаражаты есебінен ұйымдастырылған. Оған мемлекеттік бюджетмен қаражат бөлінбеген. Қазіргі уақытта министрлік Қытаймен бірлескен оқыту бағдарламасын жалғастыру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.
https://sputnik.kz/20250613/su-salasy-qyzmetkerlerinin-zhalaqysy-50-ga-deyin-osedi-54610759.html
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/12/55763232_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_8b0be5fe992e43bbe180b4bc80d61ce9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су, министрлік, қытай
Су саласы мамандарының үшінші легі Қытайға оқуға аттанды
Биыл Қытайда су саласының 121 маманы біліктілігін арттырмақ
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Су саласы мамандарының үшінші легі Қытайға оқуға аттанды, деп
хабарлайды су ресурстары және ирригация министрлігі.
Қытайға екі апталық курсқа 31 маман аттанды. Бұған дейін көршілес елде 30 адамнан тұратын екі топ білім алған болатын. Жалпы биыл Қытайда қазақстандық су саласының 121 маманы біліктілігін арттырады.
Оқу Қытай тарапының қаражаты есебінен ұйымдастырылған. Оған мемлекеттік бюджетмен қаражат бөлінбеген. Қазіргі уақытта министрлік Қытаймен бірлескен оқыту бағдарламасын жалғастыру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.
"Сәуір және мамыр айларында біз Қытайға 30 адамнан тұратын екі топ жібердік, олар оқуларын сәтті аяқтады. Ал үшінші топтың құрамында су саласының 31 маманы Қытайға су ресурстарын басқару және ағынды суларды тазарту тақырыбындағы курсқа аттанды. Бұл оқулар Президент Жолдауында айтылған, су саласына білікті мамандарды жүйелі түрде дайындау қажеттілігіне байланысты қолға алынған шаралардың бірі", – деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.