Екібастұздық ірі кәсіпкерлер бюджетке салық төлеуден жалтарған

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, купюры, банкноты
Деньги, тенге, купюры, банкноты   - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2025
Жазылу
Қазіргі уақытта анықталған барлық заң бұзушылық жойылды
АЛМАТЫ, 18 шілде – Sputnik. Екібастұз қаласындағы кәсіпкерлер бюджетке салық төлеуден жалтарған, деп хабарлайды Павлодар облыстық прокуратурсы.
Ірі кәсіпорындар бюджетке миллиондаған салық төлемеген.
"Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС жабдықтарды жөндеу кезінде кіріс әкелетін қызметке қатысы жоқ тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша сомаларды шегерімге жатқызған. Салдарынан 421 млн теңге көлемінде салық төленбеген", - дейді прокуратура.
Сондай-ақ "Қазақстан вагон жасау компаниясы" да салық төлемеген.
"Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өнімді өткізу айналымын төмендеткен. Төленбеген салық сомасы – 550 млн теңге", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта анықталған барлық заң бұзушылық жойылып, кәсіпорындар салық міндеттемелерін өз еркімен орындап, жетіспейтін сома толық көлемде мемлекеттік бюджетке аударылды.
Қаржы министрлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2025
Салық бойынша борышкерлердің мүлкі мобильді қосымша арқылы сатылады
Жаңалықтар
0