Салық бойынша борышкерлердің мүлкі мобильді қосымша арқылы сатылады

© Sputnik / Болат ШайхиновҚаржы министрлігі
Қаржы министрлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2025
Жазылу
Пилоттық жоба жыл соңына дейін жүзеге асырылады
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Қаржы министрлігі салық бойынша борышкерлерге қатысты жаңа құжатты қоғамдық талқылауға шығарды.
Құжат салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша борышкерлердің мүлкін мобильді қосымша арқылы сату бойынша пилоттық жоба. Іске асыру мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін деп белгіленген.
Осылайша, қаржы министрлігі қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану мерзімін қысқартуды және еңбек шығындарын азайтуды жоспарлап отыр.
Министрлік нақты қандай қосымшаның қолданылатынын айтпады.
Құжат 2025 жылдың 15 шілдесіне дейін көпшілік талқылауда болады.
Салық - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2025
Салық кодексі президенттің қарауына жіберілді
Жаңалықтар
0