https://sputnik.kz/20250718/atyrauda-eskertkish-qulap-6-zhasar-qyz-mert-boldy-merdigerge-sot-ukimi-shyqty-55761641.html
Атырауда ескерткіш құлап, 6 жасар қыз мерт болды: мердігерге сот үкімі шықты
Атырауда ескерткіш құлап, 6 жасар қыз мерт болды: мердігерге сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Сотталушы жәбірленуші тараптың әрқайсысына 10 млн теңгеден моральдық шығын төлеген 18.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-18T16:23+0500
2025-07-18T16:23+0500
2025-07-18T16:23+0500
атырау
ескерткіш
сот үкімі
бала
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0b/34754479_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_7ae716dbc5299039968abe641aefdb9a.jpg
АЛМАТЫ, 18 шілде - Sputnik. Атырау қаласындағы "Жеңіс" саябағында 6 жасар қыздың үстіне ескерткіш құлап кетті. Бір жылдан кейін кінәлі мамандарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Жауапты маманға "Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету" бойынша іс қозғалды. Әкімдік демеушілер мен мердігерлерді Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне арналған 14 мүсін дайындау жұмысына тартқан. Сотталушы мердігер бола тұра, мүсіндерді дайындау барысында құрылыс нормаларын бұзып, нәтижесінде мүсіндердің біреуі екі жасөспірім баланың және олардың әкесінің үстіне құлаған. Оқиғаның салдарынан бір бала қайтыс болып, қалғандары орташа дене жарақатын алған. Сотталушы жәбірленуші тараптың әрқайсысына моральдық зиян ретінде 10 млн теңгеден, сондай-ақ емделуге жұмсалған шығынын төлеген. Еске сала кетейік, былтыр маусым айында Атырау қаласындағы "Жеңіс" саябағында 6 жасар қыздың үстіне ескерткіш құлап кетті. Ауыр ескерткіш үш адамды бірдей басып қалған. Бір бала қайтыс болып, екі адам жарақат алды.
https://sputnik.kz/20240626/zhauynnan-yqtagan-atyrauda-eskertkish-basyp-qalgan-balaga-qatysty-tyn-aqparat-shyqty-45227718.html
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0b/34754479_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_aeabef42c36c0ef48898ad93d96deeac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, ескерткіш, сот үкімі, бала
атырау, ескерткіш, сот үкімі, бала
Атырауда ескерткіш құлап, 6 жасар қыз мерт болды: мердігерге сот үкімі шықты
Сотталушы жәбірленуші тараптың әрқайсысына 10 млн теңгеден моральдық шығын төлеген
АЛМАТЫ, 18 шілде - Sputnik. Атырау қаласындағы "Жеңіс" саябағында 6 жасар қыздың үстіне ескерткіш құлап кетті. Бір жылдан кейін кінәлі мамандарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жауапты маманға "Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету" бойынша іс қозғалды.
Әкімдік демеушілер мен мердігерлерді Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне арналған 14 мүсін дайындау жұмысына тартқан. Сотталушы мердігер бола тұра, мүсіндерді дайындау барысында құрылыс нормаларын бұзып, нәтижесінде мүсіндердің біреуі екі жасөспірім баланың және олардың әкесінің үстіне құлаған. Оқиғаның салдарынан бір бала қайтыс болып, қалғандары орташа дене жарақатын алған.
"Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Рақымшылық жасау актісі негізінде бас бостандығынан айыру мерзімінің жартысы қысқартылды", - дейді Атырау облыстық соты.
Сотталушы жәбірленуші тараптың әрқайсысына моральдық зиян ретінде 10 млн теңгеден, сондай-ақ емделуге жұмсалған шығынын төлеген.
Еске сала кетейік, былтыр маусым айында Атырау қаласындағы "Жеңіс" саябағында 6 жасар қыздың үстіне ескерткіш құлап кетті. Ауыр ескерткіш үш адамды бірдей басып қалған. Бір бала қайтыс болып, екі адам жарақат алды.