https://sputnik.kz/20240626/zhauynnan-yqtagan-atyrauda-eskertkish-basyp-qalgan-balaga-qatysty-tyn-aqparat-shyqty-45227718.html
"Жауыннан ықтаған": Атырауда ескерткіш басып қалған балаға қатысты тың ақпарат шықты
"Жауыннан ықтаған": Атырауда ескерткіш басып қалған балаға қатысты тың ақпарат шықты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 26 маусым – Sputnik. Атырау қаласындағы "Жеңіс" саябағында 6 жасар қыздың үстіне ескерткіш құлап кетті. Қайғылы оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан... 26.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-26T13:00+0500
2024-06-26T13:00+0500
2024-06-26T13:00+0500
атырау
https://sputnik.kz/img/old/160/81/1608173_0:57:604:397_1920x0_80_0_0_75a962f3aadd698ad706bcbd8cb17c96.jpg
АЛМАТЫ, 26 маусым – Sputnik. Атырау қаласындағы "Жеңіс" саябағында 6 жасар қыздың үстіне ескерткіш құлап кетті. Қайғылы оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісіне баланың нағашы атасы айтып берді.Оқиға 25 маусымда сағат түнгі он шамасында болған.Ауыр ескерткіш үшеуін бірдей басып қалған."Ұлдың қолы екі жерден сынған, басынан жарақат алған. Ал күйеу баламның екі тізесі жараланған, бір тізесі мүлдем күп болып ісіп кеткен, жүре алмайды. Сосын қолы мен екі қабырғасы сынған", - дейді Максим Меңдіғожин.Ол қызы мен күйеу баласының қазіргі жағдайы ауыр екенін айтып, көз жасын тыя алмады.Ескерткіш басып қалғаннан кейін үшеуі де ауруханаға жеткізілген."25 маусым сағат 21:40 шамасында Атырау қаласында ауа райының күрт өзгеруі салдарынан "Жеңіс" саябағында орналасқан ескерткіш құлап, салдарынан бір отбасының 2015 және 2017 жылы туған балалары Атырау облыстық балалар ауруханасына түсті. 2017 жылы туған пациент түрлі ауыр дене жарақатымен түсіп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Сырқатының ауырлығына байланысты тиісті ем-шаралар көрсетілгенмен пациент қайтыс болды", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.Ал 9 жастағы ұлдың қолына гипс салып, амбулаториялық ем қабылдауға үйіне жіберілген.Атырау әкімдігі барлық бюсті тексеруге кірістіАтырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин бала өлімінен кейін қаладағы ескерткіштер тексеріліп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, "Естелік аллеясында" батырлардың бюстері кәсіпкерлер мен демеушілердің қаражатына орнатылған. Олар Орал қаласында жасалған.Әкім жағдайды бақылауда ұстайтынын және құзырлы органдармен бірлесіп тексеру жүргізіп жатқанын айтты.2020 жылы 9 мамырда Жеңіс саябағында "Естелік аллеясы" ашылып, онда Ұлы Отан соғысы батырларының 14 бюсті орнатылған. Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһармандары және "Даңқ" орденінің толық иегерлері бар. Бюсттер гранит тұғырларға орнатылып, ардагерлердің есімдері қашалған.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/160/81/1608173_0:0:604:453_1920x0_80_0_0_72a3738dbd1a6107cf3de6d06c79b6bb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау
АЛМАТЫ, 26 маусым – Sputnik. Атырау қаласындағы "Жеңіс" саябағында 6 жасар қыздың үстіне ескерткіш құлап кетті. Қайғылы оқиғаның мән-жайын
Sputnik Қазақстан тілшісіне баланың нағашы атасы айтып берді.
Оқиға 25 маусымда сағат түнгі он шамасында болған.
"Күйеу балам екі баласын ертіп саябаққа демалуға барған. Біреуі – 9 жастағы ұл, екіншісі 6 жастағы қыз. Дауыл тұрып, жауын жауған соң ескерткішке барып ықтаған. Сол кезде ескерткіш басып қалған", - дейді марқұм бүлдіршіннің нағашы атасы Максим Меңдіғожин.
Ауыр ескерткіш үшеуін бірдей басып қалған.
"Ұлдың қолы екі жерден сынған, басынан жарақат алған. Ал күйеу баламның екі тізесі жараланған, бір тізесі мүлдем күп болып ісіп кеткен, жүре алмайды. Сосын қолы мен екі қабырғасы сынған", - дейді Максим Меңдіғожин.
Ол қызы мен күйеу баласының қазіргі жағдайы ауыр екенін айтып, көз жасын тыя алмады.
Ескерткіш басып қалғаннан кейін үшеуі де ауруханаға жеткізілген.
"25 маусым сағат 21:40 шамасында Атырау қаласында ауа райының күрт өзгеруі салдарынан "Жеңіс" саябағында орналасқан ескерткіш құлап, салдарынан бір отбасының 2015 және 2017 жылы туған балалары Атырау облыстық балалар ауруханасына түсті. 2017 жылы туған пациент түрлі ауыр дене жарақатымен түсіп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Сырқатының ауырлығына байланысты тиісті ем-шаралар көрсетілгенмен пациент қайтыс болды", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Ал 9 жастағы ұлдың қолына гипс салып, амбулаториялық ем қабылдауға үйіне жіберілген.
Атырау әкімдігі барлық бюсті тексеруге кірісті
Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин бала өлімінен кейін қаладағы ескерткіштер тексеріліп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, "Естелік аллеясында" батырлардың бюстері кәсіпкерлер мен демеушілердің қаражатына орнатылған. Олар Орал қаласында жасалған.
"Мемлекет бір тиын да жұмсаған жоқ. Мен өзім тәжірибелі құрылысшымын, сондықтан мұндай ауыр бюст қалай құлап кеткені өзім үшін де жұмбақ. Қазір қайғылы оқиға орнында болып, мамандарды шақырдым. Бюсттерді өзім итеріп көрдім, қозғалмайды. Сондықтан бюст желдің әсерінен құлауы мүмкін емес деп ойлаймын, тексеріп жатырмыз", – дейді Кейкин.
Әкім жағдайды бақылауда ұстайтынын және құзырлы органдармен бірлесіп тексеру жүргізіп жатқанын айтты.
2020 жылы 9 мамырда Жеңіс саябағында "Естелік аллеясы" ашылып, онда Ұлы Отан соғысы батырларының 14 бюсті орнатылған. Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһармандары және "Даңқ" орденінің толық иегерлері бар. Бюсттер гранит тұғырларға орнатылып, ардагерлердің есімдері қашалған.