https://sputnik.kz/20250718/atyrau-oblysynda-90-ga-zhuyq-tuye-sebepsiz-qyrylgan-55761828.html
Атырау облысында 90-ға жуық түйе себепсіз қырылып қалған
Атырау облысында 90-ға жуық түйе себепсіз қырылып қалған
Sputnik Қазақстан
Ауру және өлген малдардан сынамалар алынып, аса қауіпті ауруларға зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр 18.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-18T16:46+0500
2025-07-18T16:46+0500
2025-07-18T16:52+0500
атырау облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1d/17477019_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_eeb9a82866f26d0efcdc74d7c3421d0a.jpg
АЛМАТЫ, 18 шілде - Sputnik. Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы түйелер жаппай ауруға ұшырады. Мәселенің мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі білді. Жалпы түйелер ауырғалы екі ай болған. Аудандағы Дыңғызыл, Еңбекші, Мақаш және Нұржау ауылдық округтерінде әр түрлі симптомдармен 204 бас түйе малдары ауырған. Оларды жергілікті ветеринар емдеп жатыр. Сынамалар сібір жарасы, лептоспироз, хламидиоз, бруцеллез, пастереллез, салмонеллез, листериоз, блутанг ауруларына жүргізілген. Алайда зерттеу нәтижелері теріс болып шыққан. Жергілікті жердегі мамандардың пайымдауынша, түйелерді қарақұрт шағуы мүмкін. Болмаса паразитарлық аурулар, сонымен қатар, уланудан зардап шегуі де мүмкін дейді олар. Қазіргі күні ауру малдар ветеринар дәрігерлердің бақылауында, Астана, Алматы қалаларынан келетін ғалымдар зерттеу жүргізіп, нәтиже көрсетеді деп күтілуде.
https://sputnik.kz/20250611/batys-qazaqstan-oblysynda-300-den-astam-kiik-sudan-ote-almay-qyryldy-54511160.html
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1d/17477019_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_fd3cfa024d9722a2f6146121d31539a1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы
Атырау облысында 90-ға жуық түйе себепсіз қырылып қалған
16:46 18.07.2025 (жаңартылды: 16:52 18.07.2025) Ауру және өлген малдардан сынамалар алынып, аса қауіпті ауруларға зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
АЛМАТЫ, 18 шілде - Sputnik. Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы түйелер жаппай ауруға ұшырады. Мәселенің мән-жайын
Sputnik Қазақстан тілшісі білді.
Жалпы түйелер ауырғалы екі ай болған. Аудандағы Дыңғызыл, Еңбекші, Мақаш және Нұржау ауылдық округтерінде әр түрлі симптомдармен 204 бас түйе малдары ауырған. Оларды жергілікті ветеринар емдеп жатыр.
"Шығын болған мал басы – 84 түйе. 73 түйе сауықты, ал 47 түйені әлі емдеп жатыр. Ауру және өлген малдардан сынамалар алынып, аса қауіпті ауруларға зерттеу жұмыстары жүргізілді", - дейді Құрманғазы аудандық әкімдігі.
Сынамалар сібір жарасы, лептоспироз, хламидиоз, бруцеллез, пастереллез, салмонеллез, листериоз, блутанг ауруларына жүргізілген. Алайда зерттеу нәтижелері теріс болып шыққан.
"Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне қосымша зерттеу жүргізу үшін биологиялық қауіпсіздік мәселелерінің ғылыми-зерттеу институтының, Қазақ ғылыми-зерттеу институтының мамандары зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жіберуді сұрап хат жолданды", - дейді ведомство.
Жергілікті жердегі мамандардың пайымдауынша, түйелерді қарақұрт шағуы мүмкін. Болмаса паразитарлық аурулар, сонымен қатар, уланудан зардап шегуі де мүмкін дейді олар.
Қазіргі күні ауру малдар ветеринар дәрігерлердің бақылауында, Астана, Алматы қалаларынан келетін ғалымдар зерттеу жүргізіп, нәтиже көрсетеді деп күтілуде.