Абай облысында полицейлер туристерге жоғалған балаларын тауып берді

© Photo : пресс-служба МВД КазахстанаАбай облысында полицейлер туристерге жоғалған балаларын тауып берді
Абай облысында полицейлер туристерге жоғалған балаларын тауып берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2025
Жазылу
Туристер Ресей Федерациясынан қыдырып келген
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Абай облысында полицейлер туристердің жоғалған балаларын тауып берді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстанда демалып жүрген Ресей Федерациясынан келген отбасы жолай Аягөз қаласына аялдаған. Сол сәтте балалар әжесімен бірге көліктен түсіп, жақын маңдағы көпқабатты үйдің ауласына ойнауға кеткен.
Алайда біраз уақыт өткен соң әжесі немерелерін таппай қалған. Балалардың жоғалғанын білген ата-анасы бірден полицияға хабар берді.
"Ақпарат түскен бойда Аягөз аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын бастады. Тәртіп сақшылары Ақтамберді көшесі бойындағы бірнеше аулаларды мұқият қарап шығып, көп ұзамай балаларды аман-есен тапты", - делінген хабарламада.
Алматының тауларында екі турист адасып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2025
Алматының тауларында екі турист адасып кетті
Жаңалықтар
0