https://sputnik.kz/20250717/biyl-20-trln-tengeni-qamtityn-12-memlekettik-audit-zhurgizildi--smayylov-55701083.html
Тоқаев ұлттық ресурстардан түсетін пайданы барынша еселеуді тапсырды
Тоқаев ұлттық ресурстардан түсетін пайданы барынша еселеуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,1 есеге артық 17.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-17T12:09+0500
2025-07-17T12:09+0500
2025-07-17T12:25+0500
әлихан смайылов
жоғары аудиторлық палата
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/748/15/7481500_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_6271df3c364a026c194a1d29a4f3baea.jpg
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы I жартыжылдықта 20 триллион теңгені қамтитын 12 мемлекеттік аудит жүргізілгені туралы баяндалды. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,1 есеге артық.Әлихан Смайыловтың айтуынша, аудиторлық тексерістер орта білім беру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, цифрлық даму, электр энергетикасы және жоғары жетістіктер спортын қаржыландыру секілді негізгі салаларды қамтыған.Президентке Жоғары аудиторлық палатаның ұсынысымен әзірленген заңнамалық бастамалар жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет берілді. Мәселен, енді Жоғары аудиторлық палата бюджеттен тыс қорларды тексеру құзыретіне ие болды.Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Ұлттық қор қаржысын мониторингтеу жөніндегі комиссия жұмысы қайта ұйымдастырылды. Бұл Қор қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейтіп, жариялылықты арттыруға мүмкіндік береді.Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудит жүйесін кезең-кезеңімен дамытуды тапсырды. Бұл ретте оның тиімділігі мен ашықтығына баса мән берген жөн.Президент мемлекет қаражатының жұмсалуын бақылауға заманауи цифрлық технологияларды енгізу маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар басы артық шығындарды азайту, ұлттық ресурстардан түсетін пайданы барынша еселеу қажет екеніне назар аударды.
https://sputnik.kz/20250221/byudzhetke-135-milliard-tenge-qaytaryldy--alikhan-smayylov-51053522.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/748/15/7481500_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_c0feef814205df404c8c8a1e4f490dc7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов, жоғары аудиторлық палата, қасым-жомарт тоқаев
әлихан смайылов, жоғары аудиторлық палата, қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев ұлттық ресурстардан түсетін пайданы барынша еселеуді тапсырды
12:09 17.07.2025 (жаңартылды: 12:25 17.07.2025) Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,1 есеге артық
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы I жартыжылдықта 20 триллион теңгені қамтитын 12 мемлекеттік аудит жүргізілгені туралы баяндалды. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,1 есеге артық.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, аудиторлық тексерістер орта білім беру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, цифрлық даму, электр энергетикасы және жоғары жетістіктер спортын қаржыландыру секілді негізгі салаларды қамтыған.
"Үкіметке және аудит жүргізілген нысандарға 60-тан астам ұсыным мен 450 тармақтан тұратын ұйғарым берілді. 20 факті бойынша іс материалдары құқық қорғау органдарына жолданды", - деп жазылған хабарламада.
Президентке Жоғары аудиторлық палатаның ұсынысымен әзірленген заңнамалық бастамалар жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет берілді. Мәселен, енді Жоғары аудиторлық палата бюджеттен тыс қорларды тексеру құзыретіне ие болды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Ұлттық қор қаржысын мониторингтеу жөніндегі комиссия жұмысы қайта ұйымдастырылды. Бұл Қор қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейтіп, жариялылықты арттыруға мүмкіндік береді.
"Бұдан бөлек, жылыту маусымына дайындыққа салғырт қарағаны үшін жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен олардың бірінші басшыларының жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ нарықтың барлық субъектілеріне арналған тауарлы газдың бөлшек бағасына мемлекеттік бақылауды кеңейту секілді маңызды бастамалар бар", - деп жазылған хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудит жүйесін кезең-кезеңімен дамытуды тапсырды. Бұл ретте оның тиімділігі мен ашықтығына баса мән берген жөн.
Президент мемлекет қаражатының жұмсалуын бақылауға заманауи цифрлық технологияларды енгізу маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар басы артық шығындарды азайту, ұлттық ресурстардан түсетін пайданы барынша еселеу қажет екеніне назар аударды.