https://sputnik.kz/20250221/byudzhetke-135-milliard-tenge-qaytaryldy--alikhan-smayylov-51053522.html
Бюджетке 135 миллиард теңге қайтарылды – Әлихан Смайылов
Бюджетке 135 миллиард теңге қайтарылды – Әлихан Смайылов
Sputnik Қазақстан
Бұл 2023 жылы өтелген қаржыдан бес есе артық 21.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-21T12:29+0500
2025-02-21T12:29+0500
2025-02-21T12:29+0500
бюджет
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/1193/57/11935767_327:166:3516:1960_1920x0_80_0_0_3a2f51a7f0fe9b7d0a78577037e395da.jpg
АСТАНА, 21 ақпан– Sputnik. Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның былтыр атқарған қызметінің қорытындылары мен осы жылға арналған жоспары жөнінде мәлімет берді, деп хабарлады Ақорда.Президентке былтыр 214 нысанда құны шамамен 11 триллион теңгені құрайтын 27 аудиторлық іс-шара өткізілгені туралы баяндалды. Соның нәтижесінде жалпы сомасы 862 миллиард теңге болатын түрлі нормалардың бұзылғаны анықталды. Тексерістердің қорытындысы бойынша бюджетке 135 миллиард теңге қайтарылды. Бұл 2023 жылы өтелген қаржыдан бес есе артық.Мемлекет басшысына құрылыс нысандарындағы баға қалыптастыру, өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру, ауыл шаруашылығын субсидиялау ісінде олқылықтар үнемі байқалатыны айтылды.Жоғары аудиторлық палата барлық анықталған заң бұзушылықты жою үшін Үкіметке ұсыным беріп, жауапты мемлекеттік органдарға нұсқама жолдаған.Әлихан Смайылов биыл 40-тан астам аудиторлық іс-шара өткізу жоспарланғанын жеткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астана және Алматы қалалары, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Жамбыл облыстары, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" қоры, "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясы, KEGOC кәсіпорыны, Ұлттық банк, Төтенше жағдайлар министрлігі бюджеттерінің орындалуы тексеріледі. Сонымен қатар ғылым, қорғаныс, құқықтық тәртіпті сақтау, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету, орман шаруашылығы салаларында аудиторлық тексерістер жүргізіледі.Кездесу соңында президент мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар бюджет қаржысының игерілуін тиімді бақылау үшін заманауи цифрлық шешімдерді енгізудің маңызына назар аударды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1193/57/11935767_594:84:3213:2048_1920x0_80_0_0_e45d211a6cea741828c4b38110b92cc5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бюджет, әлихан смайылов
Бюджетке 135 миллиард теңге қайтарылды – Әлихан Смайылов
Бұл 2023 жылы өтелген қаржыдан бес есе артық
АСТАНА, 21 ақпан– Sputnik. Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның былтыр атқарған қызметінің қорытындылары мен осы жылға арналған жоспары жөнінде мәлімет берді, деп хабарлады Ақорда.
Президентке былтыр 214 нысанда құны шамамен 11 триллион теңгені құрайтын 27 аудиторлық іс-шара өткізілгені туралы баяндалды. Соның нәтижесінде жалпы сомасы 862 миллиард теңге болатын түрлі нормалардың бұзылғаны анықталды. Тексерістердің қорытындысы бойынша бюджетке 135 миллиард теңге қайтарылды. Бұл 2023 жылы өтелген қаржыдан бес есе артық.
Мемлекет басшысына құрылыс нысандарындағы баға қалыптастыру, өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру, ауыл шаруашылығын субсидиялау ісінде олқылықтар үнемі байқалатыны айтылды.
Жоғары аудиторлық палата барлық анықталған заң бұзушылықты жою үшін Үкіметке ұсыным беріп, жауапты мемлекеттік органдарға нұсқама жолдаған.
Әлихан Смайылов биыл 40-тан астам аудиторлық іс-шара өткізу жоспарланғанын жеткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астана және Алматы қалалары, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Жамбыл облыстары, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" қоры, "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясы, KEGOC кәсіпорыны, Ұлттық банк, Төтенше жағдайлар министрлігі бюджеттерінің орындалуы тексеріледі. Сонымен қатар ғылым, қорғаныс, құқықтық тәртіпті сақтау, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету, орман шаруашылығы салаларында аудиторлық тексерістер жүргізіледі.
Кездесу соңында президент мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар бюджет қаржысының игерілуін тиімді бақылау үшін заманауи цифрлық шешімдерді енгізудің маңызына назар аударды.