https://sputnik.kz/20250717/bayanauylda-saq-dauirindegi-qola-pyshaqtar-tabyldy-55691005.html
Баянауылда сақ дәуіріндегі қола пышақтар табылды
Баянауылда сақ дәуіріндегі қола пышақтар табылды
Sputnik Қазақстан
Бұл – Павлодар облысында табылған ең көне қола бұйымдардың бірі 17.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-17T08:23+0500
2025-07-17T08:23+0500
2025-07-17T08:23+0500
археология
пышақ
баянауыл
https://sputnik.kz/img/old/1210/49/12104974_0:3:1001:566_1920x0_80_0_0_3080dbc7e6f261799a1c53b4bb8c0095.jpg
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Марғұлан университетінің археологтары мен студенттері Павлодар облысының Баянауыл ауданында сақ дәуіріне тиесілі сирек кездесетін екі қола пышақ тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құнды жәдігерлер Торайғыр көлінің маңындағы сақ қорғанында жазғы далалық тәжірибе кезінде анықталды.Зерттеушілердің айтуынша, бұл – Павлодар облысында табылған ең көне қола бұйымдардың бірі.Сондай-ақ археологтар бұл жерден Тасмола мәдениеті өкілдерінің қалдықтарын тапқан.Айта кетері, Марғұлан университеті Баянауыл аймағында 10 жылдан астам уақыт бойы зерттеулер жүргізіп келеді. Бүгінде оқу ордасы Баянауылдағы негізгі археологиялық ескерткіштерді сақтаумен айналысып келеді.
https://sputnik.kz/20221108/arkheologtar-3-myn-zhyl-zhol-29126241.html
баянауыл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1210/49/12104974_115:0:870:566_1920x0_80_0_0_e247c91ea986ce0a243de1dc17ac73b3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
археология, пышақ, баянауыл
археология, пышақ, баянауыл
Баянауылда сақ дәуіріндегі қола пышақтар табылды
Бұл – Павлодар облысында табылған ең көне қола бұйымдардың бірі
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Марғұлан университетінің археологтары мен студенттері Павлодар облысының Баянауыл ауданында сақ дәуіріне тиесілі сирек кездесетін екі қола пышақ тапты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құнды жәдігерлер Торайғыр көлінің маңындағы сақ қорғанында жазғы далалық тәжірибе кезінде анықталды.
"Биыл біз "Торайғыр-6" атты белгілі ескерткіште қазба жұмыстарын жүргізіп, тас төбенің шыңын зерттедік. Нәтижесінде "Торайғыр-7". Екі қорғанды қазу барысында біз сақ дәуірінің ерте кезеңіне жататын қола пышақтарды таптық", – деді Марғұлан университетінің археологиялық қорларының бас сақтаушысы Елена Тушева.
Зерттеушілердің айтуынша, бұл – Павлодар облысында табылған ең көне қола бұйымдардың бірі.
"Пышақтар ежелгі технология әдісі арқылы қоладан құйылған. Бірақ стилистикалық жағынан ерте темір дәуіріне жатады. Бұл аймақта дамыған металлургиялық технологиялар мен тұрақты мәдени байланыстардың болғанын растайды", – деді Елена Тушева.
Сондай-ақ археологтар бұл жерден Тасмола мәдениеті өкілдерінің қалдықтарын тапқан.
"Қаңқа-сүйектер жақсы сақталған. Бұл жыныс, жас және антропологиялық сипаттамаларды анықтауға мүмкіндік берді. Ал төменгі қабатты тазартқан кезде біз көне Андронов мәдениетіне жататын қабірлерге тап болдық", – деді "Тарих" бағдарламасының студенті Ангелина Грищенко.
Айта кетері, Марғұлан университеті Баянауыл аймағында 10 жылдан астам уақыт бойы зерттеулер жүргізіп келеді. Бүгінде оқу ордасы Баянауылдағы негізгі археологиялық ескерткіштерді сақтаумен айналысып келеді.