Әлем

Археологтар 3 мың жылдан астам уақыт бұрын салынған жолды тапты

© Photo : Pixabay / Jumbuk73Археология
Археология - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 8 қараша - Sputnik. Археологтар Қытайдың Хэнань провинциясының Аньян қаласында 3000 жыл бұрынғы қала жолын тапты. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
Қазіргі уақытта ұзындығы 80 метр болатын шығыс-батыс жолының ең кең жерінде ені 14 метр.
Оған қиыршық тас, сүйек пен қыш ыдыстар төселген, деді Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының археология институтының ғылыми қызметкері Хэ Юлинь.
Шан әулетінің (б.з.б. 1600-1046) астанасы болған Инь қаласының құрылысы археологтарды қызықтырмай қоймайды.
Олардың айтуынша, бұл Инь қолөнер өнеркәсібіндегі елді мекендердің құрылымын, басқару моделін және еңбек бөлінісін одан әрі зерттеуге көмектеседі.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2022
Шығыс Қазақстанда археологтар тағы бір сенсациялық жаңалық ашты
Жаңалықтар
0