"ADCB" ислам банкі қазақстандық кәсіпкерлерді қолдауға 25 млрд теңге бөлді

© Photo : Үкіметтің баспасөз қызметіЖұманғарин "ADCB" Ислам Банкі" АҚ Басқарма төрағасы Гордон Хаскинспен кездесу өткізді
Жұманғарин ADCB Ислам Банкі АҚ Басқарма төрағасы Гордон Хаскинспен кездесу өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2025
Жазылу
Бизнестің исламдық қаржыландыру құралына деген қызығушылығы жоғары
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин "ADCB" ислам банкі" АҚ басқарма төрағасы Гордон Хаскинспен Қазақстан экономикасына инвестиция көлемін арттыру жайын талқылады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Даму" қорымен жұмыс шеңберінде банк экономиканың басым секторындағы кәсіпкерлерді қолдауға 25 млрд теңге бөлді.
Қордың басқарма төрағасы Фархат Сәрсековтің айтуынша, бизнестің исламдық қаржыландыру құралына деген қызығушылығы жоғары.
"Кездесу барысында қатысушылар ынтымақтастықтың алдағы перспективасын, оның ішінде ислам банкингінің Қазақстанның салық заңнамасымен өзара іс-қимыл мәселесін талқылады. Банк өкілдері қазақстандық жобаларды қаржыландыру көлемін ұлғайту жоспары туралы хабарлады", - деп жазылған хабарламада.
Серік Жұманғарин агроөнеркәсіптік кешенді, әсіресе мал шаруашылығына инвестиция салуды ең перспективалық жобаның бірі ретінде қарастыруды ұсынды. Қазақстан Таяу Шығыс елдерінің премиум сапалы өнімге деген жоғары сұранысына сай ет экспортын тұрақты түрде арттырып келеді.
"ADCB" ислам банкі – Қазақстан мен ТМД елдерінде ашылған алғашқы ислам банкі.
2010 жылы Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы үкіметаралық келісімге сәйкес құрылған. 15 жыл ішінде банк еліміздегі жобаларды $3 млрд-тан астам сомаға қаржыландырды. Бұлардың ең ірісі – Атырау облысындағы жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыт құрылысы (Silleno жобасы), АМӨЗ және ПМХЗ-да сутегі мен азот өндіретін қондырғылар, құрылыс саласындағы темір жол инфрақұрылымын жаңғырту жобалары және тағы басқалар.
Шардаринское водохранилище - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2025
Елімізде Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады
Жаңалықтар
0