Абай облысында 62 жүргізушіде көлік жүргізуге қарсы көрсеткіштер анықталды

© SputnikАбай облысында 62 жүргізушіде көлік жүргізуге қарсы көрсеткіштер анықталды
Абай облысында 62 жүргізушіде көлік жүргізуге қарсы көрсеткіштер анықталды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2025
Жазылу
Оларда көлік жүргізуге қауіп төндіретін ауру түрі бар болып шыққан
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Үржар ауданының прокуратурасы психиатр-наркологтың диспансерлік есебінде тұрған 62 адамның жүргізуші куәлігіне ие екенін анықтады.
Оларда көлік жүргізуге қауіп төндіретін аурулар бар болып шыққан.

"Бұл адамдар денсаулық жағдайына байланысты көлік құралын басқаруды бақылай алмауы мүмкін, сондықтан жол-көлік оқиғаларының жоғары ықтималдығына әкеп соғады. Мысалы, 2023 жылы аудан тұрғыны эпилепсиядан зардап шегіп, көліктің тізгініне отырып, адам көп жүретін қиылыста есінен танып қалып, жол көлік оқиғасын тудырған", - деп жазады прокуратура.

Аудан прокурорының ұсынысымен полиция органдары сотқа 62 адамның жүргізуші куәліктерінің әрекетін тоқтату туралы өтініштермен жүгінген.
Бұдан бөлек, прокуратура психиатр-наркологтың есебінде тұрған аудан азаматтары туралы ақпаратты полицияға берген. Нәтижесінде олардың жүргізуші куәліктерінен және қару ұстауға рұқсатынан айырылуын қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды.
Мужчина за рулем  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2025
Қазақстанда халықаралық жүргізуші куәлігі берілмейді – полиция ескерту жасады
Жаңалықтар
0