Қазақстанда халықаралық жүргізуші куәлігі берілмейді – полиция ескерту жасады

© Photo : Pixabay / Pexels Мужчина за рулем
Мужчина за рулем  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2025
Жазылу
Алматы полициясы азаматтарды сақ болуға және алаяқ делдалдардың арбауына түспеуге шақырды
АЛМАТЫ, 11 шілде - Sputnik. Халықаралық жүргізуші куәлігін беруге құқығы жоқ жеке ұйымдарға, туристік агенттіктерге және басқа да құрылымдарға жүгінуге болмайды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті ескертті, деп хабарлайды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Әкімшілік полиция басқармасы процессинг орталығының бастығы Айдын Меркімбаевтың түсіндіруінше, "Ішкі істер органдары туралы" заңның 6-бабына сәйкес, жүргізуші куәліктерін, оның ішінде халықаралық куәліктерді беру ішкі істер органдарының айрықша құзыретіне жатады.
"Бүгінгі күні Қазақстанда халықаралық жүргізуші куәлігі берілмейді. Азаматтардың күмәнді онлайн-сайттар немесе жеке фирмалар арқылы куәлік рәсімдеуге берген өтініштері заңды күшке ие емес. Халықаралық жүргізуші куәлігі ұлттық жүргізуші куәлігінің орнын баспайды, тек оның ресми аудармасы саналады", - дейді ол.
Халықаралық жүргізуші куәлігі мына жағдайларда қажет болуы мүмкін:
шетелде автокөлікті жалға алу кезінде;
жеке автокөлікпен шекарадан өту кезінде;
жолдағы тексеру барысында құжаттарды көрсету кезінде;
шетелде сақтандыруды рәсімдеу кезінде.
Халықаралық жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру немесе оқудан өту талап етілмейді.
Алматы полициясы азаматтарды сақ болуға және алаяқ делдалдардың арбауына түспеуге шақырды.
Айта кетейік, халықаралық жүргізуші куәлігі - жүргізушінің шетелде көлік құралын басқару құқығын растайтын құжат. Бұл құжат 1968 жылғы 8 қарашадағы Жол қозғалысы туралы Вена конвенциясына қол қойған 180-нен астам елде мойындалады.
Жаңалықтар
0