https://sputnik.kz/20250717/7-mln-tenge-shygyn-semeyde-er-adam-sharua-qozhalygynyn-26-bas-zhylqysyn-iemdenip-algan--55724127.html
Семейде ер адам шаруа қожалығының 26 бас жылқысын сатып, ақшаны жаратып жіберген
Семейде ер адам шаруа қожалығының 26 бас жылқысын сатып, ақшаны жаратып жіберген
Sputnik Қазақстан
Ол шаруа қожалығына 7 млн теңге шығын келтірген 17.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-17T17:40+0500
2025-07-17T17:40+0500
2025-07-17T17:42+0500
семей
жылқы
алаяқ
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0e/14952123_0:54:3450:1995_1920x0_80_0_0_2dca171c8afa2187387d228ba6583e07.jpg
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Семейде ер адам шаруа қожалығының 26 жылқысын иемденіп, 7 миллион теңгеге жуық шығын келтірген.Жергілікті полицияға шаруа қожалығы басшысының орынбасарынан арыз түскен. Оның айтуынша, 36 жастағы қала тұрғыны сенімге кіріп, малды кейін сату үшін алғанын айтып, алаяқтық жолмен 26 жылқыны иемденген. Келтірілген шығын көлемі – 6 970 000 теңге.Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Полиция азаматтарға мүлікке қатысты мәмілелерді міндетті түрде ресми түрде, тиісті құжаттармен рәсімдеуді ескертеді.
https://sputnik.kz/20241103/sogym-mausymy-mal-urlygyna-qarsy-bekette-40-zhylqy-tielgen-kolik-toqtatyldy-48254137.html
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0e/14952123_360:0:3091:2048_1920x0_80_0_0_3e0798a5a0eafea09bd37637173419e4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
семей, жылқы , алаяқ
Семейде ер адам шаруа қожалығының 26 бас жылқысын сатып, ақшаны жаратып жіберген
17:40 17.07.2025 (жаңартылды: 17:42 17.07.2025) Ол шаруа қожалығына 7 млн теңге шығын келтірген
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Семейде ер адам шаруа қожалығының 26 жылқысын иемденіп, 7 миллион теңгеге жуық шығын келтірген.
Жергілікті полицияға шаруа қожалығы басшысының орынбасарынан арыз түскен. Оның айтуынша, 36 жастағы қала тұрғыны сенімге кіріп, малды кейін сату үшін алғанын айтып, алаяқтық жолмен 26 жылқыны иемденген. Келтірілген шығын көлемі – 6 970 000 теңге.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.
"Ол өз кінәсін мойындап, ұрланған малды сатып, ақшаны жаратып жіберген. Ірі мөлшерде жасалған алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктіге келу туралы міндеттеме табыс етілді", - дейді облыс полициясы.
Полиция азаматтарға мүлікке қатысты мәмілелерді міндетті түрде ресми түрде, тиісті құжаттармен рәсімдеуді ескертеді.