Соғым маусымы: мал ұрлығына қарсы бекетте 40 жылқы тиелген көлік тоқтатылды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2024
Жазылу
Жылқылардың нақты кімге тиесілі екенін анықтау мақсатында көлік полиция бөліміне жеткізілді
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Қарағанды облысында мал ұрлығына қарсы орнатылғанбекетте ұрланған жылқылар анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
2 қараша күні таңғы сағат 04:00 шамасында Қарағанды қаласына кіреберісте орналасқан мал ұрлығына қарсы бекетте КамАЗ автокөлігі тоқтатылды. Салонда үш ер адам болды. Көлікке 40 бас жылқы тиелгені анықталды. Жүргізуші жылқылардың 57 жастағы жолаушыға тиесілі екенін айтты. Бірақ тексеріс кезінде тиісті құжаттар болмай шықты. Малды Ақтоғай ауданына қарасты қыстақтардың бірінен қалаға сату үшін әкелген.
"Жылқылардың нақты кімге тиесілі екенін анықтау мақсатында көлік полиция бөліміне жеткізілді. Криминалдық полиция қызметкерлері жылқыларды суретке түсіріп, Ақтоғай аудандық полиция бөліміне жолдап, кейін олар ауыл тұрғындары отыратын WhatsApp чатқа таратқан. Онда аудан тұрғындарының жылқысын бағатын бақташы өзіне тиесілі екі жылқыны таныды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде барлық жылқы Үштөбе ауылындағы бір үйдің қорасына түсірілді. Полиция қызметкерлері күзет те қойды. Қылмыстық іс қозғалды. Басқа жәбірленушілерді және қылмысқа қатысты тұлғаларды анықтау бойынша тергеу шаралары басталды.
Айта кетері, қыркүйек айында Қарағанды облысында полицияның 18 жылжымалы блок бекеті қойылды. Блокбекеттер соғым кезеңі аяқталғанша жұмыс істейді. Негізгі мақсат - мал ұрлығының алдын алу және оған тосқауыл қою.
Жаңалықтар
0