Қыз алып қашқандар 10 жылға дейін сотталуы мүмкін – Тоқаев заңға қол қойды

© Photo : АкордаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2025
Жазылу
"Қалыңдықты" жібермей отырған туыстардың әрекеті "адамдар тобымен жасалған қылмыс" болып қарастырылады
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Перзидент Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Осы заңмен Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне, "Жедел-іздестіру қызметі туралы", "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заңдарға, сондай-ақ, "Неке және отбасы туралы" кодексіне өзгеріс енгізіліп отыр.
Соның ішінде қыз алып қашқаны үшін арнайы бап та бар. Атап айтқанда, Қылмыстық кодекске "Неке қиюға мәжбүрлеу" деген жаңа бап енгізілді.
Некеге тұруға мәжбүрлегені үшін қарастырылған жаза түрлері:
2000 АЕК (2025 жылы – 7 864 000 теңге) немесе түзеу жұмыстары, я болмаса, 2 жылға бас бостандығын шектеу я сол мерзімге бас бостандығынан айыру;
бұл әрекет күш қолдану арқылы кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған жағдайда 5000 АЕК (2025 жылы - 19 660 000 теңге), 3 жылдан 7 жылға дейін жылға бас бостандығын шектеу я сол мерзімге бас бостандығынан айыру;
бұл әрекет жәбірленушінің өліміне әкеліп соққан жағдайда 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Ал "қалыңдықты" жібермей отырған туыстардың әрекеті "адамдар тобымен жасалған қылмыс" болып қарастырылады. Ол үшін 3 жылдан 7 жылға дейін жылға бас бостандығын шектеу я сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сталкинг үшін қалай жазалайды

Тоқаев қол қойған заңның аясында сталкинг, адамның мазасын алу, ізіне түсу, желіде және көшеде аңду, телефон нөмірін сұрау сияқты әрекеттерге қатысты жаза да енгізіліп отыр. Себебі сталкингтен кейін ауыр қылмыстар жасалады.
Жазаның түрлері:
200 АЕК (786 400 теңге - 2025 жылы) көлемінде айыппұл;
түзеу жұмыстары немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар;
90 тәулікке дейін қамауға алу.
Ал сталкинг кезінде адамға қасақана аса ауыр дене жарақаттары келтірілсе, Қылмыстық кодекстің басқа баптары қолданылады.
Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2024
Қоғам
Тоқаев қыз алып қашу туралы: мүлдем ақтауға болмайтын қараңғылық
Жаңалықтар
0