Ресей мен Қытай ШЫҰ-ны жаңа деңгейге шығаруға дайын - Лавров

© МИД РФ / Медиабанкке өтуРесей мен Қытай ШЫҰ-ны жаңа деңгейге шығаруға дайын - Лавров
Ресей мен Қытай ШЫҰ-ны жаңа деңгейге шығаруға дайын - Лавров - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2025
Жазылу
Бұған дейін ҚХР СІМ басшысы Ван И Лавровпен кездесуде Қытай Тяньцзиньдегі саммитке дайындалу үшін Ресеймен ынтымақтасуға дайын екенін айтқан болатын
АСТАНА, 15 шілде-Sputnik. Ресей мен Қытай Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын "шексіз биік" деңгейге шығаруға дайын, деді Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров, деп хабарлайды РИА Новости.
Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен ШЫҰ сыртқы істер министрлері кеңесінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ШЫҰ Пекин мен Мәскеудің қандай деңгейге жетелеуге дайын екендігі туралы сұраққа, "Шексіз биік" - деп жауап берді Лавров.
Бұған дейін ҚХР СІМ басшысы Ван И Лавровпен кездесуде Қытай Ресеймен Тяньцзиндегі саммитке дайындалуда, болашақ даму бағыттарын жоспарлап жатыр, сондай-ақ ШЫҰ құрылысын жаңа деңгейге көтеруде ынтымақтасуға дайын екенін мәлімдеді.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы - 2001 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан көшбасшылары құрған халықаралық ұйым. Кейінірек ұйымға Үндістан, Пәкістан, Беларусь және Иран қосылды.
Тоқаев ШЫҰ бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2025
ШЫҰ-ның тиімді ұйым ретіндегі рөлін нығайтуға баса мән береді – Тоқаев
Жаңалықтар
0