ШЫҰ-ның тиімді ұйым ретіндегі рөлін нығайтуға баса мән береді – Тоқаев

© Photo : АкордаТоқаев ШЫҰ бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
Тоқаев ШЫҰ бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2025
Жазылу
Президент Қытайдың ШЫҰ-ға төрағалығын жоғары бағалады
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
© Photo : АкордаТоқаев ШЫҰ бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
Токаев принял генерального секретаря ШОС Нурлана Ермекбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2025
Тоқаев ШЫҰ бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
Кездесуде ШЫҰ аясындағы ықпалдастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды.
"Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан ШЫҰ-ның тиімді әрі теңгерімді халықаралық ұйым ретіндегі рөлін нығайтуға баса мән береді. Бұл қазіргі әлемдік саясаттағы сын-қатерлерге жедел үн қатуға ықпал етеді", - деп жазылған хабарламада.
Президент Қытайдың ШЫҰ-ға төрағалығын жоғары бағалап, Ұйым тетіктерін жетілдіруге қолдау көрсететінін айтты.
Бұдан бөлек, Қазақстанның Ұйым аясында ұсынған басты бастамаларын іске асыру жолдары қаралды.
Главы правительств на заседании ШОС - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2025
Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылғанына 24 жыл толды
Жаңалықтар
0