Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылғанына 24 жыл толды

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаГлавы правительств на заседании ШОС
Главы правительств на заседании ШОС - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2025
Жазылу
Осыдан 24 жыл бұрын, 2001 жылы 15 маусымда Шанхайда Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Тәжікстан және Өзбекстан басшыларының кездесуінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылғаны жарияланған болатын
АСТАНА, 15 маусым - Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымының хатшылығы ұйымға мүше барлық серіктестерін ұйымның туған күнімен құттықтады.
"ШЫҰ құрылғалы бері өзекті мәселелерді шешуге ықпалы ете алатын қазіргі заманғы халықаралық қатынастар жүйесінің жауапты қатысушысы ретінде берік орнықты", - делінген құттықтау мәтінінде.
Қазақстан ұйымға төрағалық еткен жылы, яғни былтыр мемлекет басшыларының саммитінде Беларусь та Шанхай ынтымақтастық ұйымының толыққанды мүшесі болды, деді Ресейдің Қазақстандағы елшілігі.
Сонымен қатар жалпыға ортақ бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту мәселелері бойынша ұйымның ұстанымын білдіретін маңызды құжат – Астана декларациясы қабылданды.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының алға қойған мақсаттары ШЫҰ Хартиясы қабылданғаннан бері өзгерген жоқ. Олардың ішінде:
өңірде бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау және нығайту мақсатында көпсалалы ынтымақтастықты дамыту;
терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге олардың барлық көріністерінде бірлесіп қарсы тұру;
саяси, сауда-экономикалық, қорғаныс, құқық қорғау, табиғат қорғау, мәдени, ғылыми-техникалық, білім беру, энергетика, көлік, несие-қаржы және басқа да салалардағы тиімді өңірлік ынтымақтастықты көтермелеу бар.
"ШЫҰ ұстанған басты қағидаттардың бірі - басқа елдер мен халықаралық ұйымдарға қарсы тұрмау", - деп атап өтті елшілік.
Бірлестік айтарлықтай кеңейіп, Еуразия аумағының шамамен 65%-ін қамтыды. 2017 жылы Үндістан мен Пәкістан ұйымның толыққанды мүшесі болса, ал 2023 жылы Иран да кірді.
"Жасампаз философия мен сындарлы күн тәртібі көптеген елдер мен бірлестіктердің ұйыммен ынтымақтастық орнатуына ықпал етеді", - делінген ШЫҰ хатшылығының құттықтауында.
Шанхай ұйымының елдері өңірлік терроризмге қарсы құрылым аясында ынтымақтас. Қатысушы елдердің, іскерлік кеңестің және ШЫҰ желілік университетінің инвестициялық жобаларын қаржыландыратын Банкаралық бірлестік желісі бойынша ШЫҰ РАТС бірлескен оқу-жаттығуларын өткізеді
Жаңалықтар
0