https://sputnik.kz/20250715/qazaqstanda-tmd-dagy-en-ulken-mal-bordaqylau-alany-salynady--ukimet-55654360.html
Қазақстанда ТМД-дағы ең үлкен мал бордақылау алаңы салынады
Қазақстанда ТМД-дағы ең үлкен мал бордақылау алаңы салынады
Sputnik Қазақстан
Ол жерде бір уақытта ірі қара малдың 50 мың басын ұстауға болады 15.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-15T16:45+0500
2025-07-15T16:45+0500
2025-07-15T19:02+0500
тмд
серік жұманғарин
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35385622_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_86e37fa582ba412185511fc3661f131d.jpg
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Қазақстанда ТМД бойынша ең үлкен мал бордақылау алаңы ашылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Қазіргі кезде Австралияның тәжірибесіне сүйене отырып, ет өңдеу саласында алты үлкен жоба қолға алынды. Оның айтуынша, қант өндіруге қатысты келісімшартқа да қол қойылды. Ірі инвестор жол картасын рәсімдеп, жұмысқа кірісуге дайын. Айта кетері, бүгін үкімет отырысында Жұманғарин қаңтар-маусым айларында экономиканың 6,2 процентке өскенін мәлімдеді. Бұл - соңғы 12 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
https://sputnik.kz/20250715/12-zhyldagy-en-zhogary-korsetkish-ukimet-zharty-zhyldyn-natizhesin-zhariyalady-55639084.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35385622_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_fdbb1cfdafea23f8b79c1ecc0b5e1134.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тмд, серік жұманғарин
Қазақстанда ТМД-дағы ең үлкен мал бордақылау алаңы салынады
16:45 15.07.2025 (жаңартылды: 19:02 15.07.2025) Ол жерде бір уақытта ірі қара малдың 50 мың басын ұстауға болады
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Қазақстанда ТМД бойынша ең үлкен мал бордақылау алаңы ашылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп
хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде Австралияның тәжірибесіне сүйене отырып, ет өңдеу саласында алты үлкен жоба қолға алынды.
"Биыл Қазақстанда ТМД бойынша ең үлкен бордақылау алаңы ашылады. Ол жерде бір уақытта ірі қара малдың 50 мың басын ұстауға болады. Оны Түркістанда "Қайып ата" деген кәсіпорын салып жатыр", - деді Жұманғарин үкіметте өткен брифингте.
Оның айтуынша, қант өндіруге қатысты келісімшартқа да қол қойылды. Ірі инвестор жол картасын рәсімдеп, жұмысқа кірісуге дайын.
Айта кетері, бүгін үкімет отырысында Жұманғарин қаңтар-маусым айларында экономиканың 6,2 процентке өскенін мәлімдеді. Бұл - соңғы 12 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.