"12 жылдағы ең жоғары көрсеткіш": үкімет жарты жылдың қорытындысын жариялады

© Sputnik / Владислав ВодневМонеты, архивное фото
Монеты, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2025
Жазылу
Биыл қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша экономика 6,2 процентке өсті
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Биыл қаңтар-маусым айларында экономиканың өсуі 6,2 процентке жетті. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысында Жұманғарин алдымен Халықаралық валюта қорының болжамын келтірді. Оған сәйкес, 2025 жылы әлемдік экономиканың өсуі 2,8 процентке дейін баяулайды.
"Осындай күрделі сын-қатерлерге қарамастан, Қазақстан экономикасы сенімді өсуді көрсетіп отыр. Биыл қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,2 процентке жетті. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда жоғары және 12 жылдағы ішкі жалпы өнімнің ең жоғары өсімі болып отыр", - деп атап өтті Жұманғарин.
Негізгі салалар:
экономиканың нақты секторы +8%;
қызмет көрсету саласы +5,2%;
көлік +22,7%;
құрылыс +18,4%;
сауда мен тау-кен +8,4%;
өңдеу секторы +5,5%;
ауыл шаруашылығы +3,7%.
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2025
Қазақстан экономикасы 6 процентке өсті - Тоқаев
Жаңалықтар
0