Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың атына автокредит рәсімдеген қылмыстық топ ұсталды

Жазылу
Алаяқтардың әрекетінен 65 адам зардап шеккен
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Жұмыссыздар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты алаяқтық жасаған қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Тергеу барысында қаскүнемдердің азаматтарды көндіру арқылы екінші деңгейлі банктерде автокөліктерге заңсыз автокредит рәсімдегені анықталды.
Алаяқтардың әрекетінен 65 адам зардап шеккен, келтірілген залалдың жалпы сомасы 250 млн теңгеден асты.

"Алаяқтар алынған қаражатты жеке мақсаттарына жұмсаған. Қылмыстық топтың әрекетінің салдарынан жәбірленушілер кредиттік міндеттемелер бойынша қарыз болып қалған", - дейді Бас прокуратура.

Кінәлі адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, күдіктілер қамауға алынды. Іс сотқа жолданды.
БЖЗҚ - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2025
Зейнетақы қорынан ақша алуды уәде еткен алаяқ сотталды
Жаңалықтар
0