Ақмола облысында қарақшылар мәслихат төрағасының үйін тонап, көлігін ұрлап кеткен

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуАқмола облысында қарақшылар мәслихат төрағасының үйін тонап, көлігін ұрлап кеткен
Ақмола облысында қарақшылар мәслихат төрағасының үйін тонап, көлігін ұрлап кеткен - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2025
Жазылу
Қарақшылар үй иелерін қарумен қорқытып, ақша, алтын бұйымдарын қолды қылған
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Ақмола облысында қарақшылар аудандық мәслихат төрағасының үйін тонап кетті. Полиция қылмыскерлерді іздеуге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, бетперде киген екі адам жеке меншік үйге басып кіріп, отбасы мүшелерін қарумен қорқытқан. Одан кейін бәрін жертөлеге қамап, үйді тонап кеткен.
Қарақшылар ақша, алтын бұйымдар мен қол сағаттарын, сондай-ақ, көлікті алып қашқан. Облыстық полиция бұлы оқиғаның Астраханка ауылында болғанын хабарлады. Қылмыстық іс қозғалды.
"Күдіктілердің кім екенін анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Қылмысты ашу департамент басшылығының бақылауында", – дейді полицейлер.
Айта кетері, Қазақстанда адамдар тобымен жасалған қарақшылық үшін бес жылдан он жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қылмыскерлердің мүлкі де тәркіленеді.
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2025
Маңғыстау облысында жүргізушіге қарақшылық шабуыл жасалды
Жаңалықтар
0