Маңғыстау облысында жүргізушіге қарақшылық шабуыл жасалды

© Photo : Pexels / Alena DarmelИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2025
Жазылу
Қаскөйлер оның Hyundai Accent автокөлігін тартып алған
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысында жүргізушіге қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
30 маусымда сағат 20:30 шамасында Түпқараған ауданы Ақшұқыр кентінің шетінде екі белгісіз адам жеке жүргізушінің қызметін пайдаланып, оған физикалық күш қолданған.
Қаскөйлер жәбірленушінің мойнын қауіпсіздік белдігімен қысқан. Осыдан кейін олар ер адамды көліктен түсіріп, оның Hyundai Accent автокөлігін тартып алған.
Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілерді анықтап, ұстады.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Тергеу жалғасып жатыр.
Такси - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2025
Шымкентте такси жүргізушіні тонап кетті – сот үкімі шықты
Жаңалықтар
0