https://sputnik.kz/20250607/shymkentte-taksi-zhurgizushini-tonap-ketti--sot-ukimi-shyqty-54375480.html
Шымкентте такси жүргізушіні тонап кетті – сот үкімі шықты
Шымкентте такси жүргізушіні тонап кетті – сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Олардың бірі 3 жыл 9 ай, екіншісі 3 жылға сотталды 07.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-07T11:05+0500
2025-06-07T11:05+0500
2025-06-07T11:05+0500
шымкент
такси жүргізушісі
мүгедек
https://sputnik.kz/img/161/83/1618306_0:0:3253:1830_1920x0_80_0_0_c7d12ea9655bd8779147c6870130755e.jpg
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Шымкентте есту және сөйлеу қабілеті бұзылған такси жүргізушіні тоаған екі ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Otyrar.Қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың мәліметінше екі жігіт естімейтін және сөйлей алмайтын такси жүргізушіге шабуыл жасаған. Олар жүргізушіні ұрып-соғып, оның екі ұялы телефонын тартып алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Олар "Тонау" бабы бойынша кінәлі деп танылды.Іс материалына сәйкес, қылмыс "Көктем" базарының аумағында болған. Қажетті мекенжайға жеткен екі жолаушы жүргізушінің сөйлей алмайтынын және естімейтінін байқаған. Олар ақша төлеудің орнына ұрып-соғып, құны 180 мың теңгеден асатын екі телефонын алып кеткен.Сондай-ақ сотталушылардың бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды: Жасұлан Бәкіров 2019 жылы қарақшылық шабуыл жасағаны үшін, Мақсат Тасболатов 2024 жылы ұрлық жасағаны үшін сотталған.27 жастағы сотталушылар өз кінәсын мойындап, келтірілген шығынды өтеп берді.
https://sputnik.kz/20250422/almatyda-zholaushy-taksi-zhurgizushisin-shapalaqpen-tartyp-zhiberdi-video-52741037.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/161/83/1618306_315:0:3046:2048_1920x0_80_0_0_ec1e8ac075668a92af97f8c2cfe2368d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, такси жүргізушісі, мүгедек
шымкент, такси жүргізушісі, мүгедек
Шымкентте такси жүргізушіні тонап кетті – сот үкімі шықты
Олардың бірі 3 жыл 9 ай, екіншісі 3 жылға сотталды
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Шымкентте есту және сөйлеу қабілеті бұзылған такси жүргізушіні тоаған екі ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды
Otyrar. Қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың мәліметінше екі жігіт естімейтін және сөйлей алмайтын такси жүргізушіге шабуыл жасаған. Олар жүргізушіні ұрып-соғып, оның екі ұялы телефонын тартып алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Олар "Тонау" бабы бойынша кінәлі деп танылды.
"Бәкіров Жасұлан Нұрымұлы Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігінің 1 және 3-тармақтарымен кінәлі деп танылып, 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды.Тасболатов Мақсат Қалдықұлұлы дәл осындай негізде айыпты деп танылды – ол 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", - деп хабарлады Жоғарғы Соттың Сот кабинетінің ақпараттық жүйесі.
Іс материалына сәйкес, қылмыс "Көктем" базарының аумағында болған. Қажетті мекенжайға жеткен екі жолаушы жүргізушінің сөйлей алмайтынын және естімейтінін байқаған. Олар ақша төлеудің орнына ұрып-соғып, құны 180 мың теңгеден асатын екі телефонын алып кеткен.
Сондай-ақ сотталушылардың бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды: Жасұлан Бәкіров 2019 жылы қарақшылық шабуыл жасағаны үшін, Мақсат Тасболатов 2024 жылы ұрлық жасағаны үшін сотталған.
27 жастағы сотталушылар өз кінәсын мойындап, келтірілген шығынды өтеп берді.