Павлодарда көлік ұрысы жол апатынан көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейский на дороге
Полицейский на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2025
Жазылу
Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Павлодарда көлік ұрысы жол апатынан көз жұмды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Полиция көлікті айдап кету және жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
"13 шілдеде ер адам Мерседес маркалы автокөлікті айдап әкеткен, содан кейін Назарбаев даңғылы – Ломов көшелерінің қиылысында Лада Грант пен Хюндай Туксон автокөліктерімен соқтығысқан. Салдарынан көлік ұрысы апат болған жерде қайтыс болды", - деп жазылған хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
Наручники - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2024
Видео
Ақтөбе облысында полицейлер гастролер-ұрыны қолға түсірді
Жаңалықтар
0