Видео

Ақтөбе облысында полицейлер гастролер-ұрыны қолға түсірді

© Photo : Pixabay / 4711018Наручники
Наручники - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 29 шілде - Sputnik. Ақтөбе облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері гастролер-ұрыны ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе қаласындағы хостелдердің бірінен Toyota Camry автокөлігін ұрлау фактісі бойынша жедел іс-шаралар өткізу кезінде көрші облыстың 33 жастағы тұрғынын ұстады.
Анықталғандай, күдікті пәтер ұрлығы кезінде көліктің кілтін тауып, ұрланған заттарды тиеп алып көлік құралын айдап кеткен.
Автокөлікті айдап әкету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталған адамның бірнеше облыста автокөлік айдап әкету және пәтер ұрлығын жасағаны анықталды.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/aqtobe-oblysynda-politsejler-gastroler-uryny-qolgha-tusirdi/
Жаңалықтар
0