Балқаш жолында дәмхана, супермаркет, жанармай құю бекеттерін көбейту жоспарланып отыр

© Sputnik / Александр Мироглов Объект придорожного сервиса на трассе “Алматы-Хоргос”
Объект придорожного сервиса на трассе “Алматы-Хоргос” - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2025
Жазылу
Жыл соңына дейін үш жаңа демалыс аймағы салынады
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Балқаш жолында дәмхана, супермаркет, техникалық қызмет көрсету сервисі, жанармай құю бекеттерін және жол бойындағы басқа да қызмет көрсету нысандарын салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.
Әкімдік Балқашта жағалауды абаттандыру және қалалық жағажайды жаңғырту жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.
Жыл соңына дейін үш жаңа демалыс аймағы салынады. Биыл екі демалыс аймағы мен бір қонақ үй салынған болатын.
Қалада су құбыры желілері, теміржол вокзалы мен әуежай жөнделіп жатыр.
Мемлекет басшысы халықтан келіп түскен көптеген шағымға байланысты туристік аймақтардың демалушыларды қарсы алуға дайындығы төмен деп сынаған болатын.
Үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіріп, олқылық жіберген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды.
Алакөлдегі көл - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2025
Тоқаев лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды
Жаңалықтар
0