Тоқаев лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды

© PhotoАлакөлдегі көл
Алакөлдегі көл - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2025
Жазылу
Үкімет қысқа уақыттың ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіруі тиіс
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі туризмге жағдай жасамаған лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды, деп хабарлады Ақорда.
Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, Тоқаевқа халық тарапынан Алакөлге қатысты шағымдар көптеп түсіп жатыр.
"Мемлекет басшысы халықтан келіп түскен көптеген шағымға байланысты Алакөл маңындағы әйгілі туристік аймақтың демалушыларды қарсы алуға дайындығы төмен екеніне үкіметтің назарын аударды. Атап айтқанда, қажетті туристік инфрақұрылым, қызмет көрсету мен қауіпсіздік лайықты деңгейде қамтамасыз етілмеген", - деп жазды Желдібай.
Үкімет қысқа уақыттың ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіруі тиіс. Ал олқылық жіберген лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады.
Мемлекет басшысы Швейцария Ұлттық банкін басқарушылар кеңесінің төрағасы Мартин Шлегельді қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2025
Тоқаев швейцариялық мамандардың Қазақстанның Ұлттық банкіне көмегін жоғары бағалады
Жаңалықтар
0